Талғар ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6-30 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 24 тамызда № 3937 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 27-136 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 28.03.2018 № 27-136 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызметін Талғар ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері осы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Талғар ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2014-2016 жылдарға белгілеу туралы" Талғар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 33-186 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 06 тамызында № 2794 тіркелген, аудандық "Талғар" газетінде 2014 жылдың 19 тамызында № 35-36 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. "Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Талғар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша А. Мүлкібеков) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Әлеуметтік-экономикалық даму, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы Қ. Түргенбаев
      Талғар аудандық
      мәслихатының хатшысы Ж. Еңкебайұлы

  Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 20 шілдедегі "Талғар ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 6-30 шешіміне қосымша

Қызметін Талғар ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

Рет

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген біріңғай салықтың мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
 

11

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

17

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

20

5

Карт

11

6

Бильярд үстелі

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады