Ұйғыр ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қазандағы № 38-2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 06 қарашада № 2908 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұйғыр ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Бюджет, әлеуметтік және экономикалық даму, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, байланыс, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       А.Бейсенова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Н.Есжан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады