"Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 391 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 8 қазанда № 9782 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қаңтарда № 7375 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің бюллетенінде 2012 ж., № 3 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Жоғары көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау  және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесінде:
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) электрондық есеп Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Тізілімнің веб-порталында орналасқан бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жасалады. Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу нәтижесінде оған ұлттық куәландыру орталығы берген мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қол таңбасы қойылған осы Әдістеменің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу нәтижелері жөніндегі ақпараты бар бір мұрағаттық файл қалыптастырылады;»;
      қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік мүлік тізіліміне 
есепке алу объектілері деректерін
енгізу пішіміне, сондай-ақ бірдей
мерзімдерде мемлекеттік мүлікке
түгендеу, паспорттау және қайта
бағалау жүргізудің бірыңғай   
әдістемесіне 1-қосымша»;     

      осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес 2 және  3-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Республикалық мемлекеттік мүлікті басқару және оңалту мен банкроттық әдіснамасы департаменті (Д.Б. Әділханов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден кейінгі он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялануын және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                                     Б.Сұлтанов

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Е.Досаев
      2014 ж. 4 қыркүйек

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2014 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 391 бұйрығына 1-қосымша

Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке
алу объектiлерi деректерiн енгiзу
пішіміне, сондай-ақ бірдей    
мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке 
түгендеу, паспорттау және қайта 
бағалау жүргiзудің бірыңғай   
әдістемесіне 2-қосымша     

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат Есепті кезең _____ 20___ ж.

Индекс: 1- АҚ

Кезеңділігі: жыл сайын

Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар

Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі

Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей

Нысан

Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат

Р/с №

Үй-жайдың атауы

Мемлекеттік заңды тұлғалар қызметшілерінің саны

Бекітілген нормативтерге сәйкес үй-жайдың алаңы (ш.м.)

Үй-жайдың нақты алып отырған алаңы (ш.м.)

Мемлекеттік заңды тұлғаны бекітілген нормативке сәйкес орналастыруға арналған қажетті алаң (ш.м.)
 

1

2

3

4

5

6







Бірінші басшы ______________________________ __________________
                (тегі, аты, әкесінің аты)          (қолы)

Бас бухгалтер ____________________________ __________________
               (тегі, аты, әкесінің аты)           (қолы)

Мөр орны

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды
толтыру бойынша түсіндірме

«Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай
алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат»

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат» нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
      2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.

2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
      4. Нысанның 2-бағанында үй-жайдың атауы көрсетіледі, атап айтқанда мемлекеттік заңды тұлғалары орналасқан әрбір жеке үй-жай толтырылады.
      5. Нысанның 3-бағанында мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметшілері саны, атап айтқанда осы үй-жайға орналасқан мемлекеттік заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.
      6. Нысанның 4-бағанында бекітілген нормативтеріне сәйкес үй-жайдың алаңы көрсетіледі.
      7. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның нақты алып отырған алаңы көрсетіледі.
      8. Нысанның 6-бағанында бекітілген нормативтерге сәйкес орналастыруға арналған мемлекеттік заңды тұлғаларға қажетті алаң көрсетіледі (6-баған, егер 5-бағанда көрсетілген мән 4-бағанында көрсетілген мәннен аз болса толтырылады).

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2014 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 391 бұйрығына 2-қосымша

Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке
      алу объектiлерi деректерiн енгiзу
      пішіміне, сондай-ақ бірдей    
      мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке 
      түгендеу, паспорттау және қайта 
      бағалау жүргiзудің бірыңғай   
      әдістемесіне 3-қосымша      

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат Есепті кезең _____ 20___ ж.

Индекс: 1- АА

Кезеңділігі: жыл сайын

Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар

Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі

Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей

Нысан

Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат

Р/с №

Ғимараттың немесе үй-жайдың атауы

Ғимараттың немесе үй-жайдың орналасқан жері

Ғимараттың кадастрлік нөмері
 

Ғимарат немесе үй-жай туралы мәліметтер (жеке тұрған ғимарат, ғимараттың немесе ғимараттағы үй-жайдың бөлігі және т.б.)
 

Мемлекеттік заңды тұлғаларды орналастыру туралы мәліметтер

Мемлекеттік заңды тұлғалардың алып отырған ғимараттың немесе үй-жайдың алаңы (ш.м.)

Ғимарат немесе үй-жай жедел жүргізу немесе шаруашылық басқару құқығында бекітілген
 
 
 

Басқа мемлекеттік заңды тұлғалардан жалға алынған

Мемлекеттік емес заңды және/немесе жеке тұлғалардан жалға алынған
 

Жалпы алаңы

Пайдалы алаңы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











Бірінші басшы ______________________________ __________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты)          (қолы)

Бас бухгалтер ____________________________ __________________
                (тегі, аты, әкесінің аты)           (қолы)

Мөр орны

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды
толтыру бойынша түсіндірме

      «Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат»

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат» нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
      2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.

2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
      4. Нысанның 2-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың атауы көрсетіледі.
      5. Нысанның 3-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың орналасқан жері (мекенжайы) көрсетіледі.
      6. Нысанның 4-бағанында ғимараттың кадастрлік нөмірі көрсетіледі.
      7. Нысанның 5-бағанында ғимарат немесе үй-жай туралы мәліметтер (жеке тұрған ғимарат, ғимараттың немесе ғимараттағы үй-жайдың бөлігі және т.б.) көрсетіледі.
      8. Нысанның 6, 7, 8-бағандарында мемлекеттік заңды тұлғаның орналастырылуы туралы мәліметтер көрсетіледі.
      9. Нысанның 9, 10-бағандарында мемлекеттік заңды тұлға орналасқан ғимараттың немесе үй-жайдың алып отырған жалпы және пайдалы алаңы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады