Кедендік бақылау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қаңтарда № 10094 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2019 жылғы 19 тамыздағы № 2 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 19.08.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 196-бабының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ережесінің 16-тармағының 28) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кедендік бақылау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеленгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеленгеннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      Мемлекеттік кірістер

      комитеті төрағасының Д. Ерғожин

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер
комитеті төрағасының
2014 жылғы 15 желтоқсан
№ 91 бұйрығымен бекітілген

Кедендік бақылау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы кеден
органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 196-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік бақылау мақсаттары үшін кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдаланудың тәртібін белгілейді.

      2. Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) және ішкі сулары шегінде, сондай-ақ кеден одағының кедендік шекарасына іргелес аумақта тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдаланумен жүзеге асырылады.

2. Кеден органдарының су және әуе кемелерін кедендік бақылау мақсаттарында пайдалану тәртібі

      3. Су және әуе кемелерін Қазақстан Республикасының кеден органдары:

      1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағының межелі ауданында бақылаудағы тауарлардың тасымалдануын, олармен жүк және өзге операциялардың жасалуын қадағалау;

      2) заңнамаға сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және анықтау, сондай-ақ контрабандаға және өзге қылмыстарға қарсы күрес бойынша іс-шараларға қатысу;

      3) көлік құралында кедендік бақылауға жататын тауарлар заңсыз өткізіледі деп санауға жеткілікті негіздеме бар болса, оны тоқтату;

      4) тексеріп қарау топтарын бағыттауды және оларды әуеден, кедендік бақылауға және кедендік декларациялауға жататын тауарлар бар көлік құралдарына түсіруді жүзеге асыру;

      5) тексеріп қарау топтарын, Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарын кедендік бақылау және кедендік декларациялау орындарына жеткізу (түсіру);

      6) Қазақстан Республикасы кеден органдарының, кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының және халықаралық кеден ұйымдарын Кеден одағының кедендік аумағы арқылы тауарларды заңсыз өткізуге қарсы күрес жөніндегі бірлескен іс-шараларына қатысу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында кеден органдарына жүктелген кедендік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өзге функцияларды орындау үшін пайдаланады.

      4. Кедендік бақылау мақсаты үшін кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалануы кезінде кеден органдары қызметкерлерінен және тиісті біліктілігі бар мамандардан тұратын су және әуе кемелері экипаждары құрылады.

      5. Кедендік бақылау мақсаттары үшін кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) кеден органы басшының не оны алмастыратын адамның су немесе әуе кемелерін пайдалану туралы шешім қабылдауы;

      2) қозғалыс бағытын және экипаждың құрамын айқындау;

      3) су және әуе кемелерін дайындау;

      4) экипаждың алдына қойылған кедендік бақылау міндеттерін орындау.

      6. Қазақстан Республикасының кеден органдары су және әуе кемелерін пайдалана отырып кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде су және әуе кемелерін пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

      7. Кеден органдарының су кемелері аталған құрылыстар иелерінің келісімі бойынша белгіленген тәртіппен пирстерде, айлақтарда орналастырылады.

      8. Кеден органдарының әуе кемелері белгіленген тәртіппен мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияның әуеайлақтарына (тікұшақ айлақтарына) қарамағында аталған объектілер бар уәкілетті органдармен келісім бойынша орналастырылады.

      9. Су және әуе кемелеріне қызмет көрсету мен күзетуді кеден органдарының персоналымен қатар, меншік нысанына қарамастан, аталған қызметтерді шарттар негізінде көрсететін тиісті ұйымдардың күштері және құралдары жүргізеді.

      10. Кеден органдарының әуе кемелері азаматтық авиацияның әуеайлақтары мен әуежайларында және көлік саласында мемлекеттік саясатын іске асыруын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның қарамағындағы бірлесіп орналастыру әуеайлақтарында орналастырылған және оларға қызмет көрсетілген кезде авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі барлық шаралар кешені азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Ұшуды ұшудың тиісті жағдайларында осы үлгідегі әуе кемесінде ұшуға дайындалған және рұқсат етілген, жарақталған экипаждар ақауы жоқ әуе кемелерінде орындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады