РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) ережесі бекітілсін.
2. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ. Есқалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 45 қаулысымен бекітілген |
"Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бұқаралық дене шынықтыру мен спортты, сондай-ақ осы салада жоғары нәтижелерге жетуді дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, жоғарғы спорт жетістіктерін дамыту саласында (салаларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада берілген тәртіппен "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 72.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:Бұқаралық дене шынықтыру мен спортты, сондай-ақ осы салада жоғары нәтижелерге жетуді дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, жоғарғы спорт жетістіктерін дамыту болып табылады.
15. Міндеттері:
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
4) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы әкімдігінің 28.12.2015 № 322 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
16. Функциялары:
1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
2) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық спорт жарыстарын өткiзедi;
3) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
4) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
5) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
6) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;
7) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
8) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
9) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;
10) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
11) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
12) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
13) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-
интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
14) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
15) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
16) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша ұсыныс енгізеді;
17) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
18) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
19) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
20) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;
21) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;
22) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, аймақты дамыту бағдарламасы бөлімдерінің негізінде Жамбыл облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша стратегиялық құжаттарды әзірлейді, сондай-ақ олардың мониторингін қамтамасыз етеді;
23) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама
командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайын ақшалай үлес төлейді;
24) ішкі бақылау қызметінің жұмысын ұйымдастырады;
25) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жамбыл облысы әкімдігімен басқармаға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы әкімдігінің 28.12.2015 № 322 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17. Құқықтары мен міндеттері:
құқықтары:
1) өзінің функцияларын орындау үшін мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан қажетті ақпараттар алу және сұрау;
2) "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствосына қарасты мекемелерді құру, қайта құру және тарату жөніндегі ұсынысты енгізу;
3) өзінің құзыры шегінде ведомствоға қарасты мекемелердің барлық басшыларының орындауы үшін міндетті бұйрықтарды және басқа да актілерді шығару;
4) Жамбыл облысы әкімдігіне (әкіміне) Жамбыл облысындағы дене шынықтыру және спортты дамытудың негізгі бағыттары жөнінде және оны жетілдіру туралы ұсыныстар енгізу;
5) өз құзыры шегінде дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша Республиканың заңдарын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға қатысу;
6) "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік басқару органы ретінде шығу;
7) өз құзыры шегінде конкурстар өткізудің бірегей ұйымдастырушысы анықталған жағдайда жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелерден ашық конкурстарды өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарға (тапсырысқа, сатып алу жоспарына және т.б.) ресми сұрау салу.
міндеттері:
1) "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спортты дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуге, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын орындауға міндетті;
2) "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттер жүктелуі мүмкін.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жамбыл облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) барлық органдарда "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
3) басшы лауазымдардағы қызметкерлердің құзыретін белгілейді;
4) келісім-шарттар жасайды;
5) сенімхаттар береді;
6) банкіде есеп шоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
7) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
8) "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
9) қызметкерлерді марапаттау және жазалау шараларын қолдайды;
10) "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
11) заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің (кәсіпорындардың) кұрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
12) бағынысындағы кәсіпорын (кәсіпорындардың) басшысын "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 Қаулысына сәйкес конкурстық іріктеуді, тағайындауды және аттестаттауды, оның кандидатурасын келісуді жүргізеді;
13) заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын, мемлекеттік кәсіпорындар басшысының орынбасарларын мемлекеттік кәсіпорын басшысының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
14) облыс бойынша спорт түрлерінен аға жаттықтырушыларды анықтайды;
15) спорт түрлерінен облыстық федерация съездеріне (конференцияларына, жиналыстарына) қатысады.
"Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.6. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің (кәсіпорындардың, серіктестіктердің) тізбесі
Ескерту. 6-тарау жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 28.12.2015 № 322 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. "Тараз" футбол клубы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Тараз-Арена" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсiпорны;
3."Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Жамбыл" бокс клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
5."Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Қазақ күрес клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
6. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Тараз" волейбол клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
7. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Айша бибі" су добы клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
8. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
9. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Әулие-Ата" ат спорты клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
10. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12."Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13."Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 1 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 3 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 4 велосипед және су спорты түрлерінен облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 5 футболдан облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
"Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 6 бокстан облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 7 облыстық күрес түрлерінен олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.