Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 27.11.2017 № 263 (алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 45 "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2145 тіркелген, 2014 жылғы 6 мамырда "Ақ жол" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген осы қаулының қосымшасына сәйкес "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер енгізілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтүзбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Манжуовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 322 қаулысына қосымша |
"Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілетін өзгерістер (бұдан әрі - Ереже)
Ереженің 15, 16-тармақтары мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Міндеттері:
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
4) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу.";
"16. Функциялары:
1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
2) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық спорт жарыстарын өткiзедi;
3) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
4) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
5) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
6) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;
7) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
8) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
9) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;
10) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
11) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
12) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
13) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-
интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
14) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
15) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
16) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша ұсыныс енгізеді;
17) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
18) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
19) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
20) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;
21) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;
22) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, аймақты дамыту бағдарламасы бөлімдерінің негізінде Жамбыл облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша стратегиялық құжаттарды әзірлейді, сондай-ақ олардың мониторингін қамтамасыз етеді;
23) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама
командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайын ақшалай үлес төлейді;
24) ішкі бақылау қызметінің жұмысын ұйымдастырады;
25) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жамбыл облысы әкімдігімен басқармаға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
6-тарау мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің (кәсіпорындардың, серіктестіктердің) тізбесі"
1. "Тараз" футбол клубы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Тараз-Арена" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсiпорны;
3."Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Жамбыл" бокс клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
5."Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Қазақ күрес клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
6. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Тараз" волейбол клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
7. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Айша бибі" су добы клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
8. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
9. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Әулие-Ата" ат спорты клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
10. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12."Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13."Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 1 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 3 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 4 велосипед және су спорты түрлерінен облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 5 футболдан облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
"Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 6 бокстан облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 7 облыстық күрес түрлерінен олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.