РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 83 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1741 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 мамырында № 84-85 "Ақ жол" және № 84-85 "Знамя труда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
4, 8, 10, 33 жолдары төмендегідей жаңа редакцияда жазылсын:
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Серікбекұлы Орынбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлігі Автомобиль
жолдары комитетінің төрағасы
Ұ. Әліпов
3 шілде 2014 жыл