Тараз қаласында 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 382 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 мамырда № 2222 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тараз қаласында 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аталған қаулыны баспасөз беттерінде және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Күлімхан Майлыбекқызы Тоғызбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Календеров

  Тараз каласы әкімдігінің
2014 жылғы "28" сәуірдегі
№ 382 қаулысына қосымша

Тараз қаласында 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 14.07.2014 № 578 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Атауы
Мемлекеттік білім беру тапсырысы, (орын) оның ішінде қаржыландырылатын
Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге) оның ішінде қаржыландырылатын
Бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)
республикалық нысаналы трансферттер есебінен
жергілікті бюджет есебінен
республикалық нысаналы трансферттер есебінен (теңге)
жергілікті бюджет есебінен (теңге)
Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар
Толық күндік шағын орталықтар
1 175
954
13 716
12 856
5 700
оның ішінде:
 
 
 
 
 
Мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдар (шағын орталық)
120
0
13 716
0
0
балабақшалар
5 520
8 653
19 852
20 723
5 700
оның ішінде:
 
 
 
 
 
Санаторлы балабақшалар
0
623
0
24 672
5 700
Логопедтік балабақшалар
0
740
0
22 678
5 700
Мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдар (балабақша)
2 495
0
19 852
0
0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады