РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Тараз қаласында 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» № 382 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2222 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 мамырында № 22 (1204) «Жамбыл-Тараз» газетінде жарияланған) мынандай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Күлімхан Майлыбекқызы Тоғызбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркeyден өткен күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н. Календеров
Тараз каласы әкімдігінің
2014 жылғы "14" шілдедегі
№ 578 қаулысына қосымша
Тараз қаласында 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Атауы |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы, (орын) оның ішінде қаржыландырылатын |
Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге) оның ішінде қаржыландырылатын |
Бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге) |
||
республикалық нысаналы трансферттер есебінен |
жергілікті бюджет есебінен |
республикалық нысаналы трансферттер есебінен (теңге) |
жергілікті бюджет есебінен (теңге) |
||
Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар |
|||||
Толық күндік шағын орталықтар |
1 175 |
954 |
13 716 |
12 856 |
5 700 |
оның ішінде: |
|||||
Мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдар (шағын орталық) |
120 |
0 |
13 716 |
0 |
0 |
балабақшалар |
5 520 |
8 653 |
19 852 |
20 723 |
5 700 |
оның ішінде: |
|||||
Санаторлы балабақшалар |
0 |
623 |
0 |
24 672 |
5 700 |
Логопедтік балабақшалар |
0 |
740 |
0 |
22 678 |
5 700 |
Мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдар (балабақша) |
2 495 |
0 |
19 852 |
0 |
0 |