Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 28.04.2015 № 351 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім), "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалға (жалдауға) беру қағидасының 50-тармағына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тараз қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) кезінде жалдау ақысы есептерінің мөлшерлемесі қосымшаға сәйкес анықталсын.2. Тараз қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н.Календеров |
Тараз қаласы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы "16" қазан № 955 қаулысына қосымша |
Мемлекеттiк мекемелердiң және коммуналдық кәсiпорындардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесін және қолданылатын коэффициенттердің көлемін анықтау
Жалдық төлемақы мөлшері 1 (бір) ш.м. үшін 4000 теңге
N | Коэффициенттер түрі | Коэффициент көлемі |
1. | Құрылым түрін ескеретін коэффициент (Кт.): | |
1.1. кеңсе | 1,0 | |
1.2. өндірістік | 0,8 | |
1.3. қойма, қазандық | 0,6 | |
2. | Тұрғын емес үй жай түрін ескеретін коэффициент (Кк) | |
2.1. жеке тұрған құрылым | 1,0 | |
2.2. жапсара-қоса салынған бөлік | 0,9 | |
2.3. цокольдық (жартылай жертөле) бөлігі | 0,7 | |
2.4. жертөле бөлігі | 0,6 | |
3. | Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск) | |
3.1. техникалық-инженерлік құрылғылармен толық қамтамасыз етілген жағдайда (орталық жылу жүйесі, жылы су, су құбырлары, кәріздер мен электр қуаты) | 1,0 | |
3.2. аталған қызмет түрлерінің біреуі болмаған жағдайда | 0,9 | |
3.3. аталған қызметтердің ешқайсысы болмаған жағдайда | 0,7 | |
4. | Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (К.р.) | |
4.1. Тараз қаласы үшін: | 1,2 | |
1,1 | ||
4.2. аудан орталығы үшін: | 1,0 | |
4.3. кент, ауыл | 0,8 | |
5. | Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Кв.д.) | |
5.1 Банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, халыққа қызмет көрсету үшін "Казпошта" акционерлік қоғамына және ұялы байланыс операторлары үшін (антенналар) | 3,5 | |
5.2 қызметі бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалды кеңселер, адвокат кеңселерімен байланысты делдалдық қызмет және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пунктері және ұйымдар үшін | 3,0 | |
5.3 қоғамдық тамақтандыру, сауда, қонақүй қызметтерін ұйымдастыру үшін |
2,5 | |
5.4 келесі саладағы қызметтері ұйымдастыру үшін: |
1,0 | |
6. | Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф) | |
6.1 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, қайырымдылық және қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес ұйымдар үшін | 0,5 | |
6.2 өндірістік қызметті ұйымдастыру және сату-сатып алу (делдалдық қызмет) есептемегенде халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін (делдалдық қызмет) шағын кәсіпкерлік субъектілер үшін | 0,9 | |
6.3 мемлекетке тиесілі және бюджеттік бағдарламаларды орындаудан түскен 90 проценттен кем емес табыс алатын акцияларының елу және одан көп проценті (қатысу үлесі) немесе акцияларының бақылау пакеті акционерлік қоғамдар үшін (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) | 1,0 | |
6.4 өзгелер үшін | 1,0 |
Ескерту:
1. Республикалық меншік нысандарында орналастырылған коммуналдық мекемелердің жалдау ақысынан босатылған жағдайда нысандарында, коммуналдық меншік нысандарында орналастырылған республикалық мекемелерден алынатын жалдау ақысы алынбайды.
2. Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының есептеу төмендегідей іске асады:
Аn=Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұнда:
Рбс – 1 шаршы метрге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі,
S – жалдау алаңы, шаршы метр
Кт – құрылым түрін ескеретін коэффициент
Кк – тұрғын емес үй жай түрін ескеретін коэффициент
Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент
Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент
Квд – жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент
Копф, – жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент
3. Жабдықтар мен автокөлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Аn = С х Nam/100 x Кn
мұнда:
Аn –жабдықтар мен көлік құралдары үшін бір жылға жалдау ақысы;
С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
100 пайыз тозған жабдықтар мен көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады.
Nam – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 110-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кn – төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады) – 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді қоспағанда өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде – 0,5 мөлшерінде).
Мемлекеттік мекемелерге жабдықтар мен көлік құралдарын беру кезінде – 0,0 мөлшерінде.
Мүліктік жалдау бойынша 1 шаршы метрге сағатына төлеу мөлшерлемесі айына жұмыс күндерінің және тәуліктегі жұмыс сағаттарының санына мүліктік жалдау бойынша ай сайынғы төлем мөлшерлемесін математикалық бөлу жолымен анықталады.
С. м. 1 ш. м. = С: 22:8х Н.к х Н.с. (ай сайынғы құны: 22:8 х нақты күндері х нақты сағаттары), мұнда:
С. м. 1 ш. м. – сағатына 1 ш. м. төлемі бойынша мөлшерлеме
С – жалдау ақысының ай сайынғы мөлшерлемесі
22 – 1 айдағы жұмыс күндерінің саны
8 – күніне жұмыс сағаттарының саны
Н. к. – нақты жұмыс істеген күндер
Н. с. – нақты жұмыс істеген сағаттар
Сағатына 1 шаршы метрге мүліктік жалдау бойынша төлем мөлшерлемесі өтініш берушінің жұмыс кестесін ұсынуына сәйкес мүлік толық емес күнге жалға берілген жағдайларда (спорттық, акт және көрме залдары, оқу аудиториялары) қолданылады.
Білім беру мекемелеріндегі үй жайларды мүліктік жалға (жалдауға) ұсынылған жалдау ақысының есебі оқу жылына жүргізіледі (тиісті жылдың 1 қыркүйегінен бастап 31 мамыры аралығында).
Біржолғы іс-шараларды жүргізу кезінде жалдау ақысының есебін шаршы метр жалдайтын алаңға 100,0 теңгеге көбейту жолымен жүргізсін.
Мүмкіндігі шектеулі жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ 50% және одан аса мүмкіндігі шектеулі жұмыскерлері бар ұйымдарға, есептеген жалдау ақысы 50% азайтылып белгіленсін.