"Тараз қаласының коммуналдық мүлкін жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтау туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы №955 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 351 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №22-1/113-И хатына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тараз қаласының коммуналдық мүлкін жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтау туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы №955 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2351 болып тіркелген, 2014 жылдың 29 қазанында №47 (1226) "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімінде осы қаулының 1 тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.

      Қала әкімі Н. Календеров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады