Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 37-7 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 ақпанда № 2488 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 ақпандағы № 51-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 26.02.2016 № 51-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібi туралы" Заңының 10-бабына сәйкес және бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жергiлiктi жердегi жағдайларды ескерiп, жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Тараз қаласы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орны: Балуан Шолақ көшесі бойындағы, 50 "Б", "Мамыр" саябағына іргелес орналасқан алаң болып белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, азаматтар құқығын қорғау, құқылық тәртібі, және гендерлік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тараз қалалық мәслихатының
      хатшысы Б. Нарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады