Көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байтерек ауылдық округі әкімдігінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 78 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 желтоқсанда № 2404 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2014 жылдың 17 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Бәйтерек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1.  Бәйтерек ауылдық округі Сарыкемер ауылындағы Лесная көшесі Болат Бексұлтанов көшесі болып өзгертілсін.
      2.  Осы шешімнің орындалуын бақылау Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының құжаттама құрылымдық бөлімшесінің іс жүргізуші бас маманы А.Асханбекұлына жүктелсін.
      3.  Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бәйтерек ауылдық
      округінің әкімі
М. Қилыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады