"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 248 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 1 шілдеде № 2256 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекетттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Әділбақовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
      Аудан әкімі                                Б. Құлекеев

Жуалы ауданы әкімдігінің
2014 жылғы «26» мамырдағы
№ 248 қаулысымен бекітілген

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім саласында мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлімнің ведомстволары бар.
      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080300, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 11 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11.Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері.

      14. Бөлімнің миссиясы:
      1) Аудан аумағында білім саласындағы мемлекеттің саясатын іске асыру, «Қазақстан Республикасындағы «Білім туралы»«Дене шынықтыру және спорт туралы», Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім берудің мемлекеттік стандарттарын және басқа нормативтік құжаттардың орындалуына бақылау жасау;
      2) Адамның рухани және дене өсуінің мүмкіндіктерін ашу, имандылық пен ғылыми дүниетану негіздерін қалыптастыру жөнінде мектептер, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерінің жұмыстарын үйлестіру, даралық дамуы үшін жағдай жасап парасатын байыту;
      3) Аудандық оқу орындары қызметін үлкен азаматтылық түсінігімен полимәдениеттілік тұлғаны, қазақстандық патриотизмді, адамның отбасы, халық, қоғам мен мемлекет алдындағы құқылығы мен міндеттер сезімін тәрбиелеуге, адамның шығармашылық қабілеттілігін дамыту мен эстетикалық тәрбиелеуге бағыттау;
      4) Қазақ халқының, сонымен қатар ауданда тұрып жатқан басқа ұлттардың мәдениетін, салт-дәстүрін зерттеу үшін жағдай жасау;
      5) Әскер қатарына шақырылатын жастардың психологиялық және физикалық салмаққа төзімділігін арттыру мақсатында спортпен шұғылдануын қамтамасыз ету;
      6) Кадрлар даярлау, қайта даярлау бағдарламаларын бекіту және үйлестіру, методикалық қызметін қамтамасыз ету, семинарлар және басқа да оқу түрлерін өткізу, тәжірибе алмасу.
      15. Міндеттері:
      1) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарын басқарады;
      2) Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастырады;
      3) Ата–анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қамқоршылық және қорғаншылық жасауды ұйымдастыруға, оларды балалар үйлеріне немесе интернаттық ұйымдарға орналастыруға қатысады;
      4) Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жергілікті бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес келуіне бақылау жасауды ұйымдастыруды және оны өз құзыреті шегінде жүргізіп отырады;
      5) Білім беру саласындағы орталық атқарушы органның нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес басшы және педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді және педагогикалық қызметкерлерге біліктілік санаттарын береді;
      6) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқу, мектептен тыс мемлекеттік ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларын тағайындайды және босатады;
      7) Мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға статистикалық есеп беріп отырады;
      8) Аймақтық деңгейде педагог кадрларды қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыруға ықпал жасайды;
      9) Білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оны жұмыс істеу ережелерін бекітеді;
      10) Білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      11) Мемлекеттік аралық бақылауды жүргізу ережелерін және санының асып кету кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға әкеп соғатын мемлекеттік аралық бақылаудан өтпеген білім беру ұйымдарында білім алушылардың шекті санын бекітеді;
      12) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекітеді;
      13) Білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ведомостволық бағыныстағы білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады:
      14) Оқу-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және жүргізуді үйлестіреді, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың және жүзеге асырудың ережелерін бекітеді:
      15) Білім мекемелерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
      16) Жергілікті маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
      17) Жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарды, орындаушылар мен кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын ұйымдастыру ережелерін бекітеді және өткізуді ұйымдастырады;
      18) Ведомстволық бағынысты ұйымдарды белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асырады;
      19) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар береді;
      20) Аудан тұрғындарының толық орта білім алуға теңдей мүмкіншілік жасайды.
      16. Өкілетті органның функциялары:
      1) Коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлік бекітіп береді;
      2) Коммуналдық мемлекеттік мекемені ұстауға қажет (шығын жоспарын) сметаны бекітеді;
      3) Коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;
      4) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Ережесін бекітеді, өзгерістер мен толықтырулар енгізеді қаулыға.
      5) Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару органдарының құзырының мерзімін және құру тәртібін, құрылымын, мемлекеттік мекемемен шешім қабылдау тәртібін анықтайды;
      6) Коммуналдық мемлекеттік мекеме бастығының жауапкершілігін және міндетін, құқығын, оны лауазымнан босату негізін анықтайды;
      7) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымын және шекті штат санын бекітеді;
      8) Жылдық қаржы есебін бекітеді;
      9) Заңнамамен бекітілген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары:
      Бөлім өз функцияларын және жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы заңнамамен белгіленген тәртіпте құқылы:
      1) Мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық-талдау құжаттарын өз құзыреті шегінде дайындауға және ұсынуға;
      2) Өз құзырының шегінде білім мекемелерден, жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден құжаттар ресми сұрау салуға және оларды алуға құқылы;
      3) Өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, білім мекемелердің жұмысын үйлестіреді;
      4) Бөлімге қарасты жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын білім мекеме басшыларының қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттерің орындалуына және оның фукцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын Аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      2) Барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;
      3) Өз орынбасарының және басқа да басшы қызметкерлерінің құзырын белгілейді;
      4) Мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
      5) Банкіде есеп шоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
      6) Барлық жұмыскерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
      7) Мекеме жұмыскерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
      8) Жұмыскерлерді марапаттайды және шара қолданады;
      9) Мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      10) Заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің (кәсіпорындардың) директорларын және меңгерушілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың орынбасарларын, бас бухгалтерлерді тағайындау және босатуға келісім береді;
      11) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауап береді;
      12) Мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      13) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша мекеме өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
      14) Заңдылықпен және осы Ережемен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.
      15) Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезіңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі.

      24. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
      Бөлімнің мүлкі мемлекетпен берілген мүліктен және ол негізгі қордан және айналымдағы қаражаттан, сондай ақ құны мекеменің дербес балансында көрсетілген бағалы заттардан құралады.
      25. Бөлімнің бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

      27. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1.Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 1 Григорий Орджоникидзе атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      2.Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 2 Мыңбұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3.Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      4.Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      5.Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      6.Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 6 Александр Пушкин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      7.Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 7 Жетітөбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      8.Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 8 Сүгірбай Бәйтіков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
      9.Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 9 Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      10. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 10 Күреңбел орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11.Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 12 Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      13. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 13 Аркадий Гайдар атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      14. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      15. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      16. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      17.Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      18. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 19 Дінмұхаммед Қонаев атындағы мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      19. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 20 Жамбыл атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      20. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      21. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 22 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      22. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 23 Алатау орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      23. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
      24. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 25 Ақтөбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      25. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 26 Жаңаталап орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      26. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 27 Дихан орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      27. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 28 Амангелді атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      28. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№29 Александр Герцен атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      29. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 30 Көктөбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      30. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 31 Ақтасты бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      31. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 33 Теріс Ащыбұлақ бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      32. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 34 Қаратас негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      33. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 35 Сәбит Мұқанов атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      34. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 36 Шоқан Уәлиханов атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      35. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 37 Ынтымақ негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      36. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 39 Жылыбұлақ бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      37. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 41 Төңкеріс бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      38. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 44 Бақалы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      39. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 45 Тасбастау бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      40. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Кешкі/ауысым/сырттай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      41. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 1 балабақша» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      42. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 5 Балдырған балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      43. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Бәйтерек балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      44. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қарасаз балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      45. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Жаңа теріс балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      46. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Боралдай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      47. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Күреңбел балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      48. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Бақалы балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      49. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қызыларық балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      50. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Билікөл балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      51. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Жетітөбе балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      52. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Жаңаталап балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      53. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Шұғыла балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      54. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қошқарата балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      55. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балақай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      56. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Шақпақата балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      57. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Мөлдір бұлақ балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      58. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Нұршуақ балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      59. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қарлығаш балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      60. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балдәурен балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      61. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Жасұлан балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      62. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Шапағат балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      63. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балауса балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      64. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балбөбек балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      65. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 1 Балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      66. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 2 Балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      67. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 3 Балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      68. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Аула клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      69. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Саз мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады