Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 06.05.2019 № 43-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 20-5 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2020 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қазандағы № 98 аудандық "Жаңа өмір – Новая жизнь" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде отын сатып алу үшiн біржолғы әлеуметтiк көмек берiлсiн.
Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек Жамбыл облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерде беріледі".
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық |
сессиясының төрағасы | мәслихат хатшысы |
Н. Тыныбеков | Е. Тлеубеков |