Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн біржолғы әлеуметтiк көмек беру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жуалы аудандық Мәслихатының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 20-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 2 қазанда № 2020 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 мамырдағы № 43-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 06.05.2019 № 43-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Жуалы аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебiнен төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.

      Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек Жамбыл облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерде беріледі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 29.06.2018 №29-9 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" Жуалы аудандық Мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 35-16 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-4-98 болып тіркелген, 2011 жылғы 25 қаңтардағы № 8 аудандық "Жаңа-өмір – Новая жизнь" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат Жуалы аудандық
      сессиясының төрағасы мәслихаттың хатшысы
      Қ. Сыдығалиев Ж. Айтақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады