Жуалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы аудандық маслихатының 2019 жылғы 6 мамырдағы № 43-5 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 мамырда № 4218 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жуалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет - ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік – экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы К. Бегалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Е. Тлеубеков

  Жуалы аудандық мәслихатының
2019 жылғы 4 мамырдағы
№ 43-5 шешіміне қосымша

Жуалы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 05 қыркүйектегі № 20-5 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2020 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 қазандағы "Жаңа өмір" – "Новая жизнь" газетінде жарияланған);

      2. "Жуалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 05 қыркүйектегі "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы" № 20-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 қазандағы № 36-4 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2355 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қарашадағы "Жаңа өмір" – "Новая жизнь" газетінде жарияланған);

      3. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 05 қыркүйектегі № 20-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 29-9 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3904 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады