Сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 2 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 наурызда № 2129 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 03 шешімімең

      Ескертпе. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 03 шешімімең (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына сәйкес Т. Рысқұлов ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен Т.Рысқұлов ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушы Өмірзақов Мұрат Тоқсанбайұлына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашкы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Ж. Айтақов

      
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Жамбыл облыстық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы
      А. Абдуалы
      20 ақпан 2014 ж.

  Т.Рысқұлов ауданы әкімінің
2014 жылғы 20 ақпандағы
№ 2 шешіміне қосымша

Т.Рысқұлов ауданында сайлау учаскелері және олардың шекаралары.

      № 328 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Қайыңды ауылдық округінің Қайыңды, Сөгеті, Мамай ауылдары.
      № 329 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Тереңөзек ауылдық округінің Тереңөзек, Көкарық, Шолаққайынды ауылдары.
      № 330 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Ақыртөбе ауылдық округінің Ақыртөбе ауылы.
      № 331 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Өрнек ауылдық округінің Өрнек, Сәлімбай ауылдары.
      № 332 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Өрнек ауылдық округінің Жарлысу, Сұңқайты ауылдары.
      № 333 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Ақыртөбе ауылдық округінің Малдыбай ауылы.
      № 334 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Новосел ауылдық округінің Юбилейное, Абылхайыр ауылдары.
      № 335 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Құмарық ауылдық округінің Алғабас ауылы.
      № 336 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Құмарық ауылдық округінің Құмарық, Қаракемер ауылдары.
      № 337 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Көгершін ауылдық округінің Көгершін ауылы.
      № 338 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Көгершін ауылдық округінің Қосапан ауылы.
      № 339 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Көкдөнен ауылдық округінің Көкдөнен ауылы, Құмарық бекеті.
      № 340 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Көкдөнен ауылдық округінің Жақсылық ауылы.
      № 341 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Құлан ауылдық округінің Құлан ауылының, С.Жамбылов (№ 2-106 жұп жақ беті), Жібек жолы (№ 205-245 тақ жағы, № 248 – 320 жұп жағы) ескі моншаға дейін, Достық, Желтоқсан (№ 33/1-51 тақ жағы) С.Сейфуллин, Р.Тажиев, Б.Тажибаев, Наурыз, Т.Рысқұлов, Зайсан, Энергетик, Ертіс, Сұлутөр, С.Мұқанов, Ш.Айманова, М.Әуезов, А.Уколова, Алматы, Сырдария, М.Өтемісұлы, Желтоқсан (№ 52-98/2 жұп жағы), А.Қарсыбаев, И.Панфилов көшелері Сұлутөр бұрылысы және Шөңгер ауылы.
      № 342 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Құлан ауылдық округінің Құлан ауылының Абай, Амангелді, А.Тлепов, Ш.Ұлтарақов, Жетісу, В.Метте, Төлеби, Сыпатай, А.Жангелдин, Т.Сембиев, Ш.Уалиханов, А.Сухамбай, Н.Аденұлы, Желтоқсан (№ 1/1-31 тақ жағы, № 2/1-50/2 жұп жағы), Қ.Датқа (№ 25/1-157 тақ жағы, № 24-114/2 жұп жағы), Жібек жолы (№ 52-242 жұп жағы, № 77-199 тақ жағы), М.Жұмабекұлы (№ 41-71/2 тақ жағы, № 70-98 жұп жағы), А.Исаұлы, А.Исмаилов, Қ.Бектенбай (№ 42-86 жұп жағы, № 55-103 тақ жағы), С.Жамбылов (№ 7-93 тақ жағы), М.Тәтібеков, У.Ақжолұлы көшелері, Амангелді бұрылысы, Төлеби бұрылысы.
      № 343 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Құлан ауылдық округінің Құлан ауылының Б.Абдрайымов, Қажымұқан, Жібек жолы (№ 2/1-54 жұп жағы, № 3/2-45 тақ жағы), Т.Қуанышбекұлы, К.Әзірбаев, Ф.Дзержинский, Қ.Сарымолдаев, Ә.Молдағұлова, Фрунзе, Новостройка, М. Жұмабекұлы (№ 2-68 тақ жағы, 1-39 жұп жағы), Б.Қойшыманов, (№ 2а-38 жұп жағы, № 1-53 тақ жағы), Қ.Датқа (№ 1/1-23 тақ жағы, № 2-22 жұп жағы), С.Садықов, А.Шахабай, Ы.Алтынсарин, А.Рахманберді, Н.Беркімбекұлы, М.Исбаев, Д.Оспанұлы, Ж.Үмбетұлы, М.Мәметова, Р.Медеулов, Ш.Қалқабаев көшелері А.Шахабай бұрылысы.
      № 344 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Құлан ауылдық округінің Қарақат ауылы.
      № 345 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Өрнек ауылдық округінің Әбжапар ауылы.
      № 346 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Абай ауылдық округінің Еңбекші, Көкарық ауылдары.
      № 347 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Қарақыстақ ауылдық округінің Каменка ауылы.
      № 348 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Қарақыстақ ауылдық округінің Қазақ ауылы.
      № 349 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Қарақыстақ ауылдық округінің Жалпақсаз ауылы.
      № 350 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Қарақыстақ ауылдық округінің Тасшолақ ауылы.
      № 351 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Жаңатұрмыс ауылдық округінің Жаңатұрмыс ауылы және Мөңке разьезі.
      № 352 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Қорағаты ауылдық округінің Қорағаты ауылы және Қорағаты темір жол бекеті.
      № 353 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Қорағаты ауылдық округінің Аққайнар, Тойқұдық және Мамыртөбе ауылдары.
      № 354 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Ақбұлақ ауылдық округінің Қызылшаруа ауылы.
      № 355 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Ақбұлақ ауылдық округінің Р.Сабденов ауылы.
      № 356 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Ақбұлақ ауылдық округінің Бәйтелі ауылы.
      № 357 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Луговой ауылдық округінің Луговой ауылының Т.Рысқұлов, Ә.Райқұлов, А.Ыбрайымұлы, Т. Қуанышбекұлы, Четный парк, 2- ші Луговская, Ш.Егембердіұлы, С.Аденұлы, С. Есімұлы (№ 1а- 73 тақ жағы, № 4-94 жұп жағы), Кольцевая, Авиационная, Станционная, 2-ші мөлтек ауданы, Қ.Абикулов, Береговая, А.Дәулетұлы (№ 1/1-27 екі беті), Казарма, Заготскот көшелері, Ә.Райқұлов 1-ші бұрылысы, Ә.Райқұлов 2-ші бұрылысы, А.Ыбрайымұлы бұрылысы, С.Есімұлы бұрылысы.
      № 358 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Луговой ауылдық округінің Луговой ауылының А.Болыс Пригородная, А.Қазыбекұлы, С.Әділұлы, А.Нұрмағамбетов, Р.Құрымбаев, А. Пушкин, Семафорная, М.Маметова, Жамбыл, Алматы құрылыс, Абай, Алатау, А.Дәулетұлы- (№ 28 – 65 екі беті), С.Есімұлы (№ 75-117 тақ жағы, № 100-134 жұп жағы), Набережная, Коммунистік, А.Исаев, Жабира, Ақжол, И.Плотников (№ 1-3/1 екі беті) көшелері, А.Болыс бұрылысы, Жабира бұрылысы, Б.Абуталипов бұрылысы.
      № 359 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Луговой ауылдық округінің Луговой ауылының Қ.Ахметжанов, Лесхоз, С.Әлімқұлов, Степная, И.Плотников (№ 3/2 -13/2 екі беті), Жантелі батыр көшелері, Теміржолшы шағын ауданы.
      № 360 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Құлан ауылдық округінің Құлан ауылының Ю.Гагарин, Жамбыл, Т.Смайлов, О.Болысұлы, А.Исаев, К.Асылов, Қ.Қонаров, Т.Қасқаев, Ақмола, Астана, Ақ жайық, Сарыарқа, Қостанай, Каспий, Е.Қаратышқанов көшелері, Жібек жолы көшесінің бұрылысы.
      № 361 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Қайыңды ауылдық округі аумағындағы № 2035 әскери бөлім.
      № 362 сайлау учаскесі
      Шекарасы: Луговой ауылдық округі аумағындағы № 42062 әскери бөлім.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады