Талас ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 27-2 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 наурызда № 2123 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 75-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 30.06.2020 № 75-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабының 2 тармағына, сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берiлiп отырған Талас ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы шешімінің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың "Тұрғындарды әлеуметтік–құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясының төрағасы Сейдалиев Рашид Мадибековичке жүктелсін.

      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
      Н. С. Тастанбеков Ж. Әсемов

  Талас аудандық мәслихатының
2014 жылғы 20 ақпандағы
№ 27–2 шешімімен бекітілген

Талас ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Талас ауданы бойынша аз қамтылған (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары (әрі қарай – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына (әрі қарай - Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі) сәйкес әзірленген.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратты) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәріздері, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкетуді қамтитын қызметтер;

      қызмет көрсетуді беруші – электрмен жабдықтаумен, жылумен жабдықтаумен, сумен жабдықтаумен, кәріздерімен айналысатын заңды және жеке тұлға, сондай-ақ қоқысты әкету бойынша қызмет көрсету, абоненттері мен тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға қызмет көрсету – жылу және электр энергиясын жеткізу болып табылады;

      өтініш иесі (жеке тұлға) - жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген адам;

      уәкілетті орган - "Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.

      Ескерту. 2 – тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 10.10.2016 №8-15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Талас ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) беріледі.

      Ескерту. 3 – тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 10.10.2016 №8-15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерін және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Отбасының шекті ұйғарынды шығындардың үлесі отбасының жиынтық табысының 7 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      5. Ресми расталмаған табыс отбасының (азаматтың) жұмысқа жарамды әрбір мүшесінің ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

      Ескерту. 5 – тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 10.10.2016 №8-15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін, тұрғын жайды пайдаланғаны үшін ақы төлеу жалпы негіздерде жүргізіледі.

      Ескерту. 6 – тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 10.10.2016 №8-15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын жайы (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

      Мүгедектерді, магистратураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген, еңбек істеуге қабілеті болса да жұмыс істемейтін адамдары бар аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй көмегін көрсетудің ережелерінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттар салыстыру үшін көшірме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      9. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға: коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асырыла алмайды.

      10. Отбасының тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерін және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге шекті ұйғарынды шығындардың үлесі өзгерген кезде уәкілетті орган бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегін қайта санауды жүргізеді.

      11. Тұрғын үй көмегін алушылар он күн ішінде қандай да болсын тұрғын үй меншігі нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендері туралы және тұрғын үй көмегі мөлшеріне әсер ететін басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегін дұрыс емес есептеген жағдайда уәкілетті органға хабарлайды.

      12. Тұрғын үй көмегінен заңсыз алынған сомалар алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормалары ескеріледі:

      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормалары:

      жеке басты азаматтар үшін - 30 шаршы метр және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      екі және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесіне 18 шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      2) электр қуатын тұтыну нормалары (бір айда):

      бірден бес адамға дейінгі отбасына-отбасының әрбір мүшесіне 80 киловатт;

      бес және одан да көп мүшелі отбасына - 400 киловатт;

      3) газ шығындарының нормасы:

      газ пешінің, орталық жылу беру және ыстық су болған жағдайда айына 1 адамға - 18 текше метр;

      газ пешінің, орталық жылу беру және ыстық су болмаған жағдайда айына 1 адамға - 22 текше метр.

      Ескерту. 13 – тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 10.10.2016 №8-15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      14. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың өтініштері бойынша тиісті қызмет көрсетушілердің (қызмет жабдықтаушылардың) есеп шотына, ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын абоненттердің жеке есеп шотына аударылуы мүмкін.

4. Қорытынды ережелер

      15. Осы ережелермен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады