"Талас ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 27-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 қазандағы № 8-15 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 қарашада № 3204 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 75-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 30.06.2020 № 75-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Талас ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекiту туралы" Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 27-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2123 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 наурызындағы №26 аудандық "Талас тынысы" газетіне жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Талас ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларында:

      2 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар";

      3 тармағы "тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет есебінен Талас ауданындағы тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;

      2) тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге көрсетіледі" деген сөздер "Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Талас ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) беріледі"деген сөздерімен ауыстырылсын;

      5 тармағында "Ресми расталмаған табыс жұмысқа жарамды отбасының (азаматтың) әрбір мүшесінің жеке өтінішіне сәйкес есепке алынады" деген сөздер "Ресми расталмаған табыс отбасының (азаматтың) жұмысқа жарамды әрбір мүшесінің ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6 тармағында "күрделі жөндеуге" деген сөздер алынып тасталынсын.

      13 тармағының бірінші абзацындағы "бірақ бір бөлмелі пәтердің мөлшерінен аз емес" деген сөздер алынып тасталынсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Талас аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
      А. Бектай А. Төлебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады