Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі айқындалсын.
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен ақшалай сыйақының мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Серік Ералыұлы Дадабаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Рысмендиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жамбыл облысының ішкі істер департаменті
Талас ауданының Ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Айхимбеков А.А.
"24" қараша 2014ж.
Талас ауданы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы " 24 " қарашадағы № 419 қаулысымен бекітілген |
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі
Осы тәртіп қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Жамбыл облысының iшкi iстер департаментi Талас ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк мекемесi енгiзедi.
3. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.
4. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.
5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша "Жамбыл облысының iшкi iстер департаментi Талас ауданының ішкі істер бөлімі" бастығының бұйрығы шығарылады.
6. "Жамбыл облысының iшкi iстер департаментi Талас ауданының ішкі істер бөлімі" ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.
7. Көтермелеулердi төлеуге қаражат облыстық бюджетте, Жамбыл облысының ішкі істер департаменті 252 003 "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу" бюджеттiк бағдарламасымен көзделедi.
8. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Талас ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар берудi "Жамбыл облысының iшкi iстер департаментi Талас ауданының ішкі істер бөлімімен" салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
Талас ауданы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы " 24 " қарашадағы № 419 қаулысына қосымша |
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен ақшалай сыйақының мөлшерi
1. Аудан әкімінің Құрмет грамотасы.2. 10 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.
3. Бағасы 10 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.