РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 12 ақпандағы № 40 ұсынысы негізінде Өндіріс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малының арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты, Өндіріс ауылдық округінің "Штаб" елді мекенінде карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Өндіріс ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маманы Нагипа Сейдалықызы Урахатоваға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өндіріс ауылдық округінің әкімі | А. Саулебаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жамбыл облысы ішкі істер
Департаментінің Шу аудандық
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Иманбаев Ерлан Болатович
"19" ақпан 2014 жыл
"Шу ауданы бойынша Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Болотин Михайл Анатольевич
"19" ақпан 2014 жыл
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Шу аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Тансыков Сейтказы Тлеубердиевич
"19" ақпан 2014 жыл