"Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2014 жылға арналған "Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" 064 бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру, бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 14/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 сәуірде № 2577 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 59/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 04.11.2014 № 59/01 қаулысымен (жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2014 жылға арналған "Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" 064 бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру, бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсiн.
      3. Осы қаулы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі                  Б. Әбдішев

Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 14/02 қаулысына
қосымша

"Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2014 жылға арналған "Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" 064 бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру, бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың
тізбесі

№ р/с

Жобаның атауы

Жергілікті бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру көлемi
(мың теңге)

Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру көлемi
(мың теңге)

Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеудi қаржыландыру көлемi
(мың теңге)

"Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі

1

"Қарағанды қаласында (Оңтүстік шығыс) ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана салу және пайдалану" жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі

0

20 174

0


"Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бойынша БАРЛЫҒЫ

0

20 174

0


ЖИЫНЫ

0

20 174

0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады