Ескерту. Қаулы қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты әрекетін тоқтатты - (Қарағанды облысы әкімінің аппаратының 02.06.2015 № 8-6/2249 хаты).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2014 жылға арналған «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» 064 бюджеттік бағдарламамен бөлінетін қаражаттар есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
2.
«Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2014 жылға арналған «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» 064 бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру, бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2577 болып тіркелген, «Орталық Қазақстан» 2014 жылдың 17 сәуірінде № 70-71 (21 705), «Индустриальная Караганда» газеттерінде 2014 жылдың 17 сәуірінде № 63-64 (21584-21585) жарияланған) Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №14/02 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсiн.
4.
Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі |
Н. Әбдібеков |
Қарағанды облысы әкімдігінің |
Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2014 жылға арналған «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» 064 бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен қаржыландыру жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі
№ р/с |
Жобаның атауы |
Жергілікті бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін (бұдан әрі ТЭН) әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру көлемi |
Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру көлемi |
Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеудi қаржыландыру көлемi |
«Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
||||
1 |
Қарағанды қаласының орталықтандырылыған жылумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру (ТЭН әзірлеу жалпы құнынан 19 %) |
20 000 |
||
|
«Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша жиыны |
20 000 |
||
|
Барлығы |
20 000 |