Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 12.12.2018 № 362 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 92-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу Ережелері осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.В. Борисенко) жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Тілемісов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Н. Дулатбеков |
КЕЛІСІЛДІ КЕЛІСІЛДІ КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Қарағанды Қарағанды
Республикасы облысының облысы бойынша
Ауыл табиғи ресурстар Тұтынушылардың
шаруашылығы және табиғат құқықтарын
Вице-министрі пайдалануды қорғау жөніндегі
Е. Нысанбаев реттеу басқармасы департамент
басшысы басшысы
Ш. Мамалинов Б. Асаинов
02 қазан 2014 жылы 02 қазан 2014 жылы 02 қазан 2014 жылыҚарағанды облыстық мәслихатының XXIX сессиясының 2014 жылғы 2 қазандағы № 320 шешімімен бекітілген |
Қарағанды облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен
және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті
және жер асты су объектілерінен су алу
Ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Қарағанды облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) қауіпсіз су пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
2. Ережелер Қарағанды облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу тәртібін айқындайды.
3. Ережелер меншік нысанына қарамастан, халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын, сонымен қатар өз қажеттіліктері үшін ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін су көздерін пайдаланатын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
4. Ережелер Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес әзірленді.
5. Осы Ережелер Қарағанды облысының барлық аумағында қолданыста болады.
2. Осы Ережелерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар
6. Бұлақ (бастау) – жер асты суларының жер бетіне табиғи жинақталып шығуы.
7. Жер асты сулары – жер қойнауында болатын және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес пайдаланылатын сулар жиналымы.
8. Жер асты шаруашылық-ауыз сулары – өзінің табиғи жай-күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және тұрмыстық қажетіне, не ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жер асты сулары.
9. Жер үсті су объектілері – шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде оның бедері нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы.
10. Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау – суды шығындау орындарына бермей, жинауға арналған, жалпы пайдалану үшін ашық немесе жеке пайдаланылатын құрылыстар.
11. Су объектілерін пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың материалдық немесе өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су объектілерінің пайдалы табиғи қасиеттерін алу.
12. Су тарту құрылысы – су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені.
13. Ұңғыма – жер асты суларын жер бетіне шығаруға арналған құрылғы.
14. Шегендеу құрылысы – табиғи жолмен шығып жатқан жер асты суларының ашылуын және пайдалану мақсатында олардың жер бетіне шығарылуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрылыс.
3. Құрылғылар құрылысына жер телімін таңдауға негізгі талаптар
15. Орталықтанбаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты сулары пайдаланылады. Оларды пайдалану су жинау құрылыстарының арнайы жабдығын орнату арқылы жүзеге асырылады (таратушы жүйелері жоқ ұңғымалар, шахталық және құбырлық құдықтар, бұлақтарды ашу).
16. Құдықтарды және бұлақты ашу құрылғылары үшін орын ластанған немесе ластануы мүмкін мынадай көздерден келетін жерасты суларының тасқынынан 50 метрге (бұдан әрі - м) жоғары алыстатылған, ластанбаған биіктеу учаскеде таңдайды: әжетханалар, қазылған шұңқырлар, тыңайтқыштардың және улы химикаттардың қоймалары, өндірістік ұйымдар, кәріздеу құрылыстары, ескі қараусыз қалған құдықтар, мал қоралар, адамдарды жерлеу және жануарларды көму орындары.
17. Су жинау құрылыстарын мыналарда: тасқын су басатын учаскелерге, төменгі, батпақ жерлерге; көшкін және топырақтың пішінін өзгертетін басқа түрлері болатын жерлерге; көліктің қарқынды қозғалысы бар магистральдан 30 м жақын жерлерге орнатуға жол берілмейді.
4. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен
және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті
және жер асты су объектілерін пайдалану және су алу шарттары
18. Меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға су объектi-
лерiнен тәулiгiне 50 текше метрге (бұдан әрі – м3/тәу.) дейiнгi көлемде су алу кезiнде арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейдi.
19. Арнайы су пайдалануға рұқсат негізінде 50 ден 2000 м3/тәу. дейін алу лимитімен жер қойнауы бөлігінен шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалану жеке және заңды тұлғаларға жүзеге асыру Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 66-бабына сәйкес талап етіледі.
20. Халықты ауыз сумен немесе шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін 2000 м3/тәу. астам көлемдегі жер асты суларын өндіру жөніндегі операциялар жүргізу Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 35-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
21. Шаруашылық-ауыз су қажеттілігі үшін, сондай-ақ орталықтан-дырылмаған су көздерінің ауыз су сапасы өзінің құрамы мен қасиеті бойынша санитариялық қағидалар белгіленген көрсеткіштерге сәйкес болуы тиіс.
22. Су объектілерінің жағдайына әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін, коммуникацияларды) орналастырғанда экологиялық талаптар, жер қойнауын қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздігі, су ресурстарын ұдайы молайту және ұтымды пайдалану шаралары мен ережелері сақтала отырып, балық ресурстары мен өзге де су жануарларының мекендеу ортасы мен көбею жағдайын, миграция жолдары мен олардың шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі шараларды көздеп, жүзеге асыру қажет, сондай-ақ балық ресурстары мен өзге де су жануарлары мекендейтін орта ретінде ерекше құндылыққа ие жер телімдерінің ешкімге берілмеуін қамтамасыз ету қажет.
23. Құрылыстарды пайдалануға беру Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 88-бабының талаптарын сақтау арқылы жүргізіледі.
5. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны тіркеу тәртібі
24. Суы шаруашылық-ауыз су қажеттеріне пайдаланылатын су объектілеріне, ауыз сумен жабдықтау үшін көздердің жарамдылығына жеке және заңды тұлғалардың бастамасы негізінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган береді.
25. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органының қорытындысын беру халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жер үсті және жер асты су объектілері орналасқан жер бойынша , оны облыстың жергілікті атқарушы органында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі №19-02/183 "Жеке және заңды тұлғаларға халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне халықтың санитариялық - эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Жеке және заңды тұлғаларға халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу қағидасында" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7678 тіркелген) белгіленген тәртіпте міндетті түрде тіркей отырып, жүргізеді.
6. Ережелердің сақталуын бақылау
26. Осы Ережелерді сақтауды бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
7. Жеке және заңды тұлғалардың
осы Ережелерді бұзғандығы үшін жауапкершілігі
27. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолдаңыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
28. Осы Ережелерде реттелмеген құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің қолданылып жүрген нормаларымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.