Дәрілік затты қосымша беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы XХXI сессиясының № 358 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 желтоқсанда № 2871 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты, ШЕШТІ:

      1. Дәрілік зат тегін берілетін амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша: "Бехтерев ауруы" диагнозы бар азаматтарға дәрілік заты берілсін (рецепт бойынша).

      2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Әдекенов С.М.) жүктелсін.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Облыстық мәслихаттың хатшысы

М. Миргаязов

Н. Дулатбеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады