Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 49/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 қаңтарда № 2907 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 20/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 21.05.2015 № 20/04 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы " Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидалары бекітілсін.
      2. "Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Айдын Боранбайұлы Қапашевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      

Балқаш қаласының әкімі
А. Райымбеков

      

 

  Балқаш қаласы әкімдігінің
  2014 жылғы "27" 11
  № 49/01 қаулысымен
  бекітілген

Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары

      1. Осы қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес құрылыс үлгісі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, инженерлік коммуникациялардың бар болуы, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кв х Кик х Кр х Квд х Копф,
      мұнда:
      Ап – жылына қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Рбс - 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;
      S - жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Кт - құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
      Кв - тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кик - инженерлік коммуникациялардың бар болуын ескеретін коэффициент;
      Кр - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд - жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Копф - жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      3. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және өзге де тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = С х Nam /100 х Кп
      мұнда:
      Ап - жылына жабдықтар, көлік құралдары және өзге де тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
      100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
      Nam - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кп - төмендету коэффициенті (жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де тұтынылмайтын заттарды алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде).
      4. Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін, сондай-ақ жабдықты, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алу) ұсыну кезінде жалдау ақысы есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ач=Ап/12/Д/24,
      мұнда:
      Ач – сағатына қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Ап – жылына қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      12 – жылдағы айдың саны;
      24 – тәуліктегі сағаттың саны;
      Д – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндердің саны.

 

  Қалалық коммуналдық
  мүлікті мүліктік жалдауға
  (жалға алуға) беру кезінде
  жалдау ақысының
  мөлшерлемесін есептеу
  Қағидаларына қосымша

Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде құрылыс үлгісі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, инженерлік коммуникациялардың бар болуы, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері

      Базалық мөлшерлеменің мөлшерлері – тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш.


р/р
 
Коэффициенттер түрі
 
Коэффициент мөлшері
 
1
 
Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт):
 
 
 
1.1 ғимарат
 
1,0
 
1.2 спорттық құрылыстар (стадиондар, спорттық залдар, спорттық алаңдар)
 
0,7
 
1.3 басқа құрылыстар
 
0,9
 
2
 
Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кв):
 
 
2.1 жер үсті қабатындағы үй-жай
 
1,0
 
2.2 астыңғы қабаттағы (жартылай жертөле) үй-жай
 
0,9
 
2.3 жер төле қабатындағы үй-жай
 
0,8
 
2.4 басқа (шатыр,шатырдағы жай, тамбур, мансарда, лоджия, спорттық құрылыстар және басқа)
 
0,7
 
3
 
Инженерлік коммуникациялардың бар болуын ескеретін коэффициент (Кик):
 
 
3.1 барлық инженерлік-коммуникациялары бар үй-жайлар үшін (жылумен, электрмен, сумен жабдықтау, және кәрізбен)
коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түрге 0,1-ге азаяды
 
1,0
 
4
 
 
Аумақтық орналасуы ескеретін коэффициент (Кр):
 
 
4.1 қала үшін
 
1,5
 
4.2 кент, ауыл
 
0,5
 
5
 
 
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):
 
 
5.1 банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, Қазақстан Республикасы ұлттық почта операторы, банкоматтар, төлеу терминалдары (мультикассалар) үшін
 
2,5
 
5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін
 
3,0
 
5.3 сауда, қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру, сату автоматтары үшін
 
2,5
 
5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру (асхана, буфет) үшін
 
1,5
 
5.5 оқу орындарында (мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде және спорттық мектептерде) қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру (асхана, буфет) үшін
 
0,5
 
5.6 денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларында қызмет ету (қызметтерді) және іс-шараларды ұйымдастыру үшін
 
1,0
 
5.7 ұялы байланыс, интернет желісі саласында қызмет ету үшін (телекоммуникация жабдықтарын орналастыру және басқа)
 
5,0
 
5.8 мынадай салаларда қызметтерді ұйымдастыру үшін:
ғылым және жоғары білім беру
орта білім беру
мектепке дейінгі білім беру
 
1,1
0,9
0,8
 
5.9 5.1-5.8-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, басқа қызмет түрлері үшін
 
2,0
 
6
 
 
Жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):
 
 
6.1 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін
 
0,5
 
6.2 жеке кәсіпкерлер, шаруалар қожалықтары үшін
 
0,9
 
6.3 жарғылық капиталындағы акционерлік қоғам акцияларының бақылау пакеті немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысуының бақылау үлесі Балқаш қаласы әкімдігіне тиесілі акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін*
 
0,5
 
6.4 қалғандары үшін
 
1,0
 

      
      *акционерлік қоғамның акцияларының бақылау пакеті немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысуының бақылау үлесі тиісінше акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі екендігін білдіреді

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады