Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 40-бабы 2-тармағы 2) тармақшасын басшылыққа алып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Балқаш қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 49/01 "Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі тіркеу нөмірі № 2907, 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 4-5 (12255) "Балқаш өңірі" және 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 3 (1324) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2.
Балқаш қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі (Б.С. Асылбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен, осы қаулыдан туындайтын тиісті жұмысты жүргізсін.
3.
Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі аппаратының басшысы Сандугаш Сабетовна Асылбековаға жүктелсін.
Балқаш қаласының әкімі |
А. Райымбеков |