Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 20.08.2014 N 262 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 ақпандағы "Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы" № 26 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-136 болып тіркелген және "Шарайна" газетінің 2012 жылғы 21 наурыздағы 23 (1994) нөмірінде ресми жарияланған), "Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 ақпандағы "Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 17 тамыздағы № 73 шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1930 болып тіркелген және "Шарайна" газетінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі 48 (2019) нөмірінде ресми жарияланған), "Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 ақпандағы "Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 13 қарашадағы № 92 шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2003 болып тіркелген және "Шарайна" газетінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы 62 (2033) нөмірінде ресми жарияланған), "Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 ақпандағы "Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы" № 26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 ақпандағы № 112 шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2237 болып тіркелген және "Шарайна" газетінің 2013 жылғы 29 наурыздағы 13 (2048) нөмірінде ресми жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесінде:
2 тармақта:
3) тармақшадағы ";" тыныс белгісі "." тыныс белгісіне ауыстырылсын;
4) тармақша алынып тасталсын;
2-1 тармақ алынып тасталсын;
21 тармақта:
8) тармақшадағы ";" тыныс белгісі "." тыныс белгісіне ауыстырылсын;
9) тармақша алынып тасталсын;
23 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"23. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, осы Ережемен белгіленген шығыстарының шекті жол берiлетiн деңгейiнің арасындағы айырма ретінде айқындалады.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Сессия төрағасы Ә. Қоңырова
Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук
Келісілді:
"Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Әпеков
2014 жылғы 14 сәуір