2014 жылға арналған "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаттары есебінен техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сонымен қатар қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар мен концессиялық жобалар тізбесін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 11/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 тамызда № 2721 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы "Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы" № 220 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1283 "Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік - экономикалық дамытудың 2012 - 2017 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2014 жылға арналған "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу" 008 бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаттары есебінен техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сонымен қатар қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар мен концессиялық жобалар тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А. Кимге жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкімнің м.а

А. Ким


  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2014 жылдың 2.07
№ 11/01 қаулысымен
бекітілген

2014 жылға арналған "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу" 008 бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаттары есебінен техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сонымен қатар қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар мен концессиялық жобалар тізбесі

№ т/б

Жоба атауы

Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың технико-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Жергілікті концессиялық жобалардың технико-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)

концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)

494/108/000/159

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

1

Сәтбаев қаласында индустриялық паркін құру жобасының технико-экономикалық негіздемесін әзірлеу

10 000


0


"Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі бойынша барлығы

10 000

0

0

458/108/000/159

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі

Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

2

Сәтбаев қаласында Кеңгір су қоймасынан келетін ауыз суды тазарту үшін тазарту құрылыстарын салу жобасының технико-экономикалық негіздемесін әзірлеу

10 000


0


"Сәтбаев қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бойынша барлығы

10 000


0


Барлығы

20 000

0

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады