Саран қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 279 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 ақпандағы 29 сессиясының № 302 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 наурызда № 2566 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 75 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 23.11.2023 № 75 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Саран қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 279 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2491 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылығын жүргізу құқығындағы республикалық кәсіпорынының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 16 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      3 және 4-тармақтар жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Саран қалалық мәслихатының шешімдері күшін жойған болып танылсын:

      1) Саран қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" № 365 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-7-101 болып тіркелген, 2010 жылы 29 қаңтардағы № 4 "Ваша газета" газетінде жарияланған);

      2) 2013 жылғы 25 сәуірдегі "Саран қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" № 365 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 180 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2329 болып тіркелген, 2013 жылы 24 мамырдағы № 21 "Саран газеті" газетінде жарияланған).

      4. Саран қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 258 шешімі жойылсын.

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әкімнің орынбасарына және Саран қалалық мәслихатының әлеуметтік саланы дамыту және азаматтардың құқығын қорғау заңдылығының мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы


Мәслихат хатшысы

Р. Бекбанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады