Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 08.11.2017 № 45/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара малдың арасынан туберкулез ауруының шығуына байланысты, Юбилейное селосының Майбұрнақ қыстағы аумағында орналасқан "Ата" шаруа қожалығына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | М. Бимағанбетов |