Бұқар жырау аудандық мәслихатының 8 сессиясының 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 5 "Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы 26 сессиясының № 7 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 шілдеде № 2685 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 26.06.2024 № 6 шешімімен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 8 сессиясының 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 5 "Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1951 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 қарашадағы № 44 "Сарыарқа" аудандық газетінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

К. Айтбаева

Мәслихат хатшысының өкілеттігін


уақытша жүзеге асырушы

Ш. Курбанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады