Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы 26 сессиясының № 8 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 шілдеде № 2686 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 07.02.2024 № 5 шешімімен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2571 болып тіркелген, 2014 жылы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      1) 9-тармақтың 9) тармақшасында:

      "75" сандары "70" сандарымен ауыстырылсын;

      2) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн мыналар:

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;

      табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;

      жергiлiктi өкiлдi орган ең төменгі күнкөрiс деңгейiне үш еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негiздеме болып табылады.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн негiздемелердiң түпкiлiктi тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтедi.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарған кезде жергiлiктi өкiлдi органдар бекiткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшiн негiздемелер тiзбесiн басшылыққа алады.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

К. Айтбаева

Мәслихат хатшысының өкілеттігін


уақытша жүзеге асырушы

Ш. Курбанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады