Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 ақпанда № 6556-09 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімінің 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Бұқар жырау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Әли

  Бұқар жырау аудандық мәслихатының
2024 жылғы 7 ақпандағы
№ 5
шешіміне 1 қосымша

Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Бұқар жырау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі негізінде және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына (бұдан әрі – Үлгі қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Үгілік қағидалар негізінде Бұқар жырау ауданының әкімдігі (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Бұқар жырау ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органдарме мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі-алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) уәкілетті орган – "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс- отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндері) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) уәкелітті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 26.06.2024 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Әлеуметтік кодекстің 71- бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында,11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12- бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек Үлгілік қағидаларға көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері:

      1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;

      3) 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне;

      4) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      6) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні;

      7) 1 қазан-қарттар күні;

      8) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Мереке күндері мен атаулы күндерге біржолғы әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:

      басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республика Одағын (бұдан әрі - КСР Одағы) қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде тәжікстан-ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыздан 2008 жылғы қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1986-1991 жылдар аралығындаТаулы Қарабақтағы этносаралық жанжалды реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бейбіт уақытта әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына кемінде 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне кемінде 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге кемінде 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға кемінде 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға кемінде 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) кемінде 50 000 (елу жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына кемінде 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын – сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының қазіргі аумағын құрайтын аумақта оларға қуғын-сүргін қолданылғанға дейін тұрақты тұрған адамдарға:

      бұрынғы КСР Одағынан тыс қарыжерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде (қарапайым адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      Қазақстаннан тыс жерлерде әскери қызмет өткеру үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндерді қолдануыкемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      Орталық одақтық органдардың шешімдері бойынша қуғын-сүргіндердің қолданылуы: КСР Одағы Жоғарғы Сотының және оның сот алқаларының, КСР Одағы біріккен мемлекеттік саяси басқармасының алқаларының, ішкі істер халық комиссариаты – мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі - КСР Одағының ішкі істер Министрлігі жанындағы ерекше кеңестің, КСР Одағы прокуратура комиссиясының және КСР Одағы ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа да органдардың кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      КСР Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының актілері негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқық қақарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдарға кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      ата–аналарымен бірге немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оны қолдану нәтижесінде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және жеті жасқа дейінгі, жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      75 және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан, "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға беріледі кемінде 400 000 (төрт жүз мың) теңге мөлшерінде.

      8. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек келесі санаттарға көрсетіледі:

      азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне барлық дүлей зілзаланы немесе өртті өндіріп алу кезінде – өмірлік қиын жағдайы басталған сәттен бастап алты ай ішінде тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) иелерінің бірі - 100 ай мөлшерінде есептік көрсеткіш, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, біржолғы;

      жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейіне бір реттік қатынаста - 16 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік материалдық жағдайға байланысты азаматтарға;

      қайтыс болған күні уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге азаматтарға, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан адамдарға кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге-жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмағанда, өмірлік қиын жағдайы басталған сәттен бастап алты ай ішінде - 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы;

      азаматтарға жедел емделуге (операцияға) медициналық мекемеден шығарылған эпикриздің көшірмесі негізінде өмірлік қиын жағдайы басталған сәттен бастап алты ай ішінде -15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, біржолғы;

      амбулаториялық емдеудегі әлеуметтік маңызы бар туберкулез ауруы бар адамдарға дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде-жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмағанда, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы;

      амбулаториялық емдеудегі әлеуметтік маңызы бар қатерлі ісігі бар адамдарға дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде – жан басына шаққандағы орташа табысы ескерілмей, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға өмірлік қиын жағдайы басталған сәттен бастап алты ай ішінде – 16 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, біржолғы;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ 1 және 2 дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, Бұқар Жырау ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға құнының 50% бірыңғай мөлшерде мектепке дейінгі білім беру ұйымына жан басына шаққандағы орташа табысты есептемегенде;

      адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) бар балалардың ата - аналарына немесе заңды өкілдеріне-бір күнтізбелік жыл ішінде жан басына шаққандағы орташа табысын есептемегенде-2 (екі) еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын;

      адамның иммунодифицит вирусынан туындаған әлеуметтік маңызы бар ауруы бар адамдарға медициналық мекемеден растау анықтамасы негізінде-жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмағанда, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы;

      1-топтағы мүгедектігі бар адамды санаторий-курорттық емдеуге алып жүретін азаматтарға уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 26.06.2024 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді органдар облыс жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.

      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі тармақтарға 12-21 Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы органдар белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.

      13. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Бұқар жырау ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражатшегінде жүзеге асырылады.

      14. Әлеуметтік көмек мына жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Бұқар жырау ауданынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік немесе жеке медициналық - әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) өтініш беруші жалған мәліметтерді ұсынғаны анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      15. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      16. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Бұқар жырау аудандық мәслихатының
2024 жылғы 7 ақпандағы
№ 5
шешіміне 2 қосымша

Бұқар жырау аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы 21 сессиясының № 4 шешімі "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2571 болып тіркелді).

      2. Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы 26 сессиясының № 8 шешімі "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2686 болып тіркелді).

      3. Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі 28 сессиясының № 7 шешімі "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2775 болып тіркелді).

      4. Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 ақпандағы 45 сессиясының № 7 шешімі "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3668 болып тіркелді).

      5. Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы 3 сессиясының № 5 шешімі "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3832 болып тіркелді).

      6. Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі 6 сессиясының № 8 шешімі "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3983 болып тіркелді).

      7. Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы 10 сессиясының № 9 шешімі "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4099 болып тіркелді).

      8. Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы 18 сессиясының № 5 шешімі "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4398 болып тіркелді).

      9. Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы 24 сессиясының № 10 шешімі "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4855 болып тіркелді).

      10. Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 маусымдағы 37 сессиясының № 8 шешімі "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5396 болып тіркелді).

      11. Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 8 шешімі "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5490 болып тіркелді).

      12. Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 7 шешімі "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5641 болып тіркелді).

      13. Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 7 шешімі "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5932 болып тіркелді).

      14. Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 5 шешімі "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6135 болып тіркелді).

      15. Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 05 желтоқсандағы № 6 шешімі "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31080 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады