Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі 28 сессиясының № 7 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 қыркүйекте № 2775 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 07.02.2024 № 5 шешімімен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2571 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларының 7 тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,


аудандық мәслихат


хатшысының өкілеттігін


уақытша жүзеге асырушы

Ш. Курбанов

КЕЛІСІЛДІ:


"Бұқар жырау аудандық жұмыспен


қамту және әлеуметік бағдарламалар


бөлімі" мемлекеттік мекемесінің


басшысы


________________ Н. Алексеева



      2014 жылғы 10 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады