РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
1. Қоса берiлiп отырған әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Жаңаарқа аудандық мәслихатының XV сессиясының 2013 жылғы 14 ақпандағы № 15/98 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2227 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 сәуірдегі № 19 (9549) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
кезекті XXVII сессиясының | |
төрағасы | Қ. Имантусупов |
Аудандық мәслихат | |
хатшысының м.а. | Б. Бекежанова |
КЕЛІСІЛДІ:
"Жаңаарқа ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ш. Ибраева
20 наурыз 2014 жыл
Жаңаарқа аудандық мәслихатының XXVII сессиясының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 шешімімен бекітілген |
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау
қағидалары
Ескерту. Қағидаларға өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 37/246 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Әлеуметтік көмек Жаңаарқа ауданының аумағында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі.
1. Жалпы ережелер
3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – Жаңаарқа ауданы әкімінің шешімімен, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі - облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
10) учаскелік комиссия – Жаңаарқа ауданы әкімінің шешімімен, әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін құрылатын комиссия;
11) шекті мөлшер - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 26.02.2016 № 51/360 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.4. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:
1) 9 мамыр – Жеңіс күні;
2) алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 09.09.2016 № 4/43 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен;3) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні;
4) Халықаралық мүгедектер күні (қазанның екінші жексенбісі);
5) 6 шілде – Астана күні;
6) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 09.09.2016 № 4/43 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.03.2020 № 51/538 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.8. Учаскелiк және арнайы комиссиялар өз қызметiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ЖАО бекiтетiн ережелердiң негiзiнде жүзеге асырады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 10.09.2014 № 34/227 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
9. Әлеуметтік көмек атаулы күндер мен мереке күндеріне ұсынылады.
1) Жеңіс күні мерекесіне:
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;
соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген басқа санатты тұлғаларға;
1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында, кемінде алты ай жұмыс істегендерге (әскери қызмет өткергендерге) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы мінсіз әскери қызметі мен жанкешті еңбегі үшін бұрынғы КСР Одағының медальдарымен және ордендерімен марапатталмаған тұлғаларға.
2) алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 09.09.2016 № 4/43 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен;3) Халықаралық қарттар күніне:
жетпіс бес жасқа келген және одан асқан зейнеткерлерге;
3-1) Астана күні және Тәуелсіздік күні мерекелеріне:
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар көпбалалы азқамтылған отбасыларға;
4) Халықаралық мүгедектер күніне:
барлық санаттағы мүгедектерге.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 09.09.2016 № 4/43 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.03.2020 № 51/538 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.10. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып табылатындар:
1) азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан зиян келтірілсе;
2) амбулаториялық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар "туберкулез" ауруы болса;
3) адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған әлеуметтік мәні бар ауруы болса.
11. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған кезде ең төменгі күн көріс деңгейінің 0,6 еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы айлық орташа табысы бар тұлғаларға (отбасыларына) ұсынылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 26.06.2015 № 41/291 (оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.12. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері – 55 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.
13. Табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек үшін өтініш білдіру мерзімі - табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін үш ай ағымында.
14. Әрбір жекеленген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмекті көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
15. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмейді, уәкілетті ұйымның, не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 48/331 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен;3) осы қағиданың 1 қосымшасына сәйкес, тұлғаның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын құжат және (немесе) акт.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 48/331 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.17. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
17-1. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 48/331 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекті жеке шотқа аудару үшін, өтініш беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымынан немесе екінші деңгейдегі банктен ашылған жеке шотын ұсынады.
19. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын, адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
20. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы қағиданың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне жібереді.
Кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
21. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
22. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
23. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
24. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
25. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету, не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы қағидалардың 21 және 22 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету, не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
26. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
27. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 11.05.2016 № 2/20 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.Ескерту. 27-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 11.05.2016 № 2/20 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
27-1. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 48/331 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
27-2. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 48/331 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
27-3. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 48/331 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
27-4. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 48/331 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
28. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарғанда;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
29. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның жергілікті бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату
және қайтару үшін негіздемелер
30. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болғанда;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
31. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
32. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингiн және есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 13.07.2015 № 42/295 (оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен. Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларына 1-қосымша |
Отбасыны тiркеу нөмiрi ____________
Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер
____________________________ ____________________________
(Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.) (үйiнiң мекен жайы, тел.)
Р/с | Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә. | Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы | Туған жылы |
Өтiнiш берушiнiң қолы ________________ Күнi ______________
Отбасының құрамы туралы
мәлiметтердi куәландыруға уәкiлеттi
органның лауазымды адамының Т.А.Ә. ______________________
(қолы)
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларына 2-қосымша |
Өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның
(отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТIСI
20 __ ж. "___" ___________
__________________________
(елдi мекен)
1. Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. ____________________________________
2. Тұратын мекенжайы __________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Өтiнiш берушi әлеуметтiк көмекке өтiнiш берген туындаған
өмiрлiк қиын жағдай _________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледi) ______
адам, оның iшiнде:
Р/с № | Т.А.Ә. | Туған күнi | Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебi | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсiптiк даярлығы (қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсендi шараларына қатысуы туралы мәлiметтер | Өмiрлiк қиын жағдай |
Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелгендерi ____
адам.
Балалардың саны: ______________________________________________
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негiзде оқитындар ______
адам, оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы
мүгедектерiнiң, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы
мүгедектерiне теңестiрiлгендердiң, зейнеткерлердiң, 80 жастан асқан
қарт адамдардың, әлеуметтiк маңызы бар аурулары (қатерлi iсiктер,
туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың,
мүгедектердiң, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты
қосу керек) _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Өмiр сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған,
жекешелендiрiлген тұрғын үй, қызметтiк тұрғын үй, тұрғын үй
кооперативi, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
_____________________________________________________________________
Тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерiнiң (оның iшiнде өтiнiш берушiнiң) Т.А.Ә. | Табыс түрi | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесi (жер үлесi) туралы мәлiметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
6. Мыналардың:
автокөлiгiнiң болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретiн
құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс)
_____________________________________________________________________
________________________________________ қазiргi уақытта өздерi тұрып
жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдiң болуы (оны пайдаланғаннан түскен
мәлiмделген табыс) __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегi туралы мәлiметтер (нысаны, сомасы, көзi):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзi):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киiммен, аяқ киiммен
қамтамасыз етiлуi ___________________________________________________
10. Тұратын жерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____
_____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
________________________ ________________________
Комиссия мүшелерi:
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актiмен таныстым: ____________________________________
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргiзiлуден бас тартамын ______________________ өтiнiш
берушiнiң (немесе отбасы мүшелерiнiң бiрiнiң) Т.А.Ә. және қолы, күнi
_____________________________________________________________________
(өтiнiш берушi тексеру жүргiзуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларына 3-қосымша |
Учаскелiк комиссияның № ______ қорытындысы
20 __ ж. "___" ____________
Учаскелiк комиссия Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн
белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн
айқындау Қағидаларына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына
байланысты әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берген адамның (отбасының)
_____________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)
өтiнiшiн және оған қоса берiлген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар
және өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын тексеру
нәтижелерiнiң негiзiнде
_____________________________________________________________________
(қажеттiлiгi, қажеттiлiктiң жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты
әлеуметтiк көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: ____________________ _______________________
Комиссия мүшелерi: ____________________ _______________________
____________________ _______________________
____________________ _______________________
____________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды
қоса берiлген құжаттармен ___ данада
20 __ ж. "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң немесе
уәкiлеттi орган қызметкерiнiң Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________