Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 01.03.2021 № 3/30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасарының 2015 жылғы 17 ақпандағы тапсырмасын орындау мақсатында, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы №27/174 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2587 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 30 мамырда, 2014 жылғы 19 сәуірдегі № 17 (9611) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары:
келесі мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Өтініш беруші әлеуметтік келісімшарт бойынша әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген жағдайда азаматпен әңгімелесу жүргізеледі.";
келесі мазмұндағы 27-1 тармақпен толықтырылсын:
"27-1. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан шарттарда және отбасы (адам) мүшелерінің, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты әрекет ететін мерзім ішінде әлеуметтік бейімделуі қажет болған жағдайда көрсетіледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш айға біржола төленеді.";
келесі мазмұндағы 27-2 тармақпен толықтырылсын:
"27-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" № 88 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10474 болып тіркелген).";
келесі мазмұндағы 27-3 тармақпен толықтырылсын:
"27-3. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.";
келесі мазмұндағы 27-4 тармақпен толықтырылсын:
"27-4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызу арқылы беріледі, екіншісі-отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған уәкілетті органда сақталады.";
32 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"32. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингiн және есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.".
2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
XLIІ сессиясының төрағасы,
Аудандық мәслихат хатшысы | М. Абдишев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Жаңаарқа ауданының жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік бағдарламалар | |
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы | Ш. Ибраева |
13 шілде 2015 жыл