Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 маусымдағы XLI сессиясының № 41/291 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 шілдеде № 3320 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 3/30 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасарының 2015 жылғы 17 ақпандағы тапсырмасын орындау мақсатында, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2587 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 30 мамырда, 2014 жылғы 19 сәуірдегі №17 (9611) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 11-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      “11. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған кезде ең төменгі күн көріс деңгейінің 0,6 еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы айлық орташа табысы бар тұлғаларға (отбасыларына) ұсынылады.”.
      2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
ХLI сессиясының төрағасы
Б. Бекежанова
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Абдишев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жаңаарқа ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ш. Ибраева

      26 маусым 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады