Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 01.03.2021 № 3/30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2587 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуірдегі № 17 (9611) "Жаңаарқа" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 30 мамырда жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының:
мемлекеттік тілдегі 7 тармақтың 4)-тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады:
"4) Халықаралық мүгедектер күні (қазанның екінші жексенбісі);";
7 тармақ келесі мазмұндағы 5) және 6) - тармақшалармен толықтырылсын:
"5) 6 шілде – Астана күні;";
"6) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.";
9 тармақ келесі мазмұндағы 3-1) - тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Астана күні және Тәуелсіздік күні мерекелеріне:
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар көпбалалы азқамтылған отбасыларға;".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Рыспеков |
Жаңаарқа аудандық мәслихат хатшысы | К. Имантусупов |