Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 10.12.2020 № 64/517 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
1. Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін статистика органдарының мәліметтері бойынша 1 (бір) тонна көмірдің бағасы мөлшерінде жылына біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы, | |
кезекті XXXVIII сессияның | |
төрағасы | М.Абдишев |
КЕЛІСІЛДІ:
"Жаңаарқа ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ш. Ибраева
23 желтоқсан 2014 жыл