Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің 20.11.2014 № 3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарды Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2014 жылдың 1 сәуіріне дейін ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Қарқаралы ауданы әкімінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 2 "2013 жылы азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы" шешімі (2013 жылдың 5 қаңтарында № 1-2 (11123) "Қарқаралы" газетінде жарияланған) жойылсын.
Ескерту. Қарқаралы ауданы әкімінің 26.12.2012 № 2 шешімі РҚАО-ға түскен жоқ.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әлиұлына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы С.Р. Акимов