Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне ер азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 желтоқсанда № 2866 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2012 жылдың 16 ақпандағы " Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      2. Қарқаралы ауданы әкімінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 1 "Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне ер азаматтарды тіркеуді өткізу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2546 болып тіркелген, 2014 жылдың 8 наурызында № 19-20 (11246) "Қарқаралы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әлиұлына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі

К.М. Максутов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады