"Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 103 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 мамырда № 2643 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 364 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 14.12.2015 № 364 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы А.Р. Сатыбалдинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
К.М. Максутов

      

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 16 сәуірдегі
№ 103 қаулысымен бекітілген

"Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
      5. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 100800, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Ә. Бөкейханов көшесі, 37 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел строительства Каркаралинского района".
      10. Осы Ереже "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      12. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қарқаралы ауданы аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік құрылыс саясатын өткізу.
      14. Міндеттері:
      1) Қарқаралы ауданының бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын іске асыру;
      2) құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) реконструкциялау, қалпына келтіру және құрылысты күрделі жөндеу, ғимараттар, инженерлік және көлік коммуникациялар туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау жөнінде және абаттандыру, көгалдандыру, құрылысты (объектілерді) консервациялау, объектілерді кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
      3) қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және аудан құрылысын іске асыру.
      15. Функциялары:
      1) аудандық коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік - мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
      2) құрылыс-монтаждық жұмыстарды жобалауға, құрылысқа арналған құжаттарды дайындайды және конкурстарды өткізеді;
      3) ауданың су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын ұйымдастырады;
      4) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын ұйымдастырады;
      5) жергілікті бюджет, облыстық бюджеттің арнайы трансферттері есебінен салынатын объектілердің құрылысына, реконсрукциялануына техникалық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
      16. Құқықтары және міндеттері:
      1) мемлекеттік қаражаттарды жоспарлауға және бөлуге қатысуға, жобалау-іздестіру жұмыстары, әлеуметтік-мәдени, коммуналдық мақсаттағы объектілердің құрылысына және ипотекалық несиелендіру қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысына арналған аудан бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныс енгізуге;
      2) құрылыстың келешекті жоспарларын әзірлеуге, құрылыс бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысуға;
      3) төтенше жағдайларды ескерту және коммуналдық меншік объектілерінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша органдармен бірге әзірленген іс-шаралар барысына бақылауды жүзеге асыруға;
      4) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізуге;
      5) құзыретіне сәйкес қабылдауға болжамдаған нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді дайындауды, әзірлеуді жоспарлауға;
      6) әзірлеуші "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылатын Қарқаралы ауданы әкімдігімен бұрын қабылданған құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуына және қолдану өзектілігіне тексеріс жүргізуге;
      7) көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына, оның ішінде бюджет қаражаттарының игерілуіне тұрақты бақылауды және мониторингіні қамтамасыз етуге;
      8) шарттық жұмысты тұрақты жетілдіруге;
      9) "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, Қарқаралы ауданының әкімі және әкімдігінің атына келтірілген прокурорлық ден қою актілерін қарауға, егер тиесілі мәселе "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кірсе, оларға жауап ұсынуға, сондай-ақ оларға мониторинг және талдау жүргізуге, қорытындысы бойынша алда мұндай бұзушылықтарды болдырмау үшін аудан әкіміне ұсыныс енгізуге;
      10) Қарқаралы ауданы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуы үшін қажетті барлық шараларды қабылдауға;
      11) мердігерлік ұйымдармен шарттық міндеттердің сапалы және уақытында орындалуына бақылауды қамтамасыз етуге, олар тиісті орындалмаған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шараларды қабылдауға;
      12) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, меншік нысанына қарамастан лауазымды тұлғалардан "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген қызметтерді және міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды сұратуға және қабылдауға;
      13) "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген қызметтерге және міндеттерге сәйкес өткізілетін іс-шараларды басқа мекемелердің және ұйымдардың қызметкерлерін, олардың басшыларының келісімімен жүзеге асыруға тарту туралы ұсыныс енгізуге;
      14) құрылыс нормалары мен техникалық шарттарды бұза отырып жобадан ауытқумен орындалған мердігер ұйымдарының жұмыс өндірісі кезіндегі бұзушылықтарды жоюға талап етуге.

3. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асырылуға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қарқаралы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және босатады.
      19. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне орындау үшін міндетті өз құзіреті шегінде бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      2) қолданыстағы заңнамаға және штаттық кестеге сәйкес "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза береді;
      4) құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, олардың сақталуына жауапты болады;
      5) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетуді, көтермелеуді жүзеге асырады;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда өз құзіреті шегінде "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілі болады;
      7) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      8) "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесімен шығарылған бұйрықтарға қол қояды.
      "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

4. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамамен өзгеше көзделмесе "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату

      23. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады