Нұра ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 07/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 сәуірде № 2574 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 13/06 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 06.05.2016 № 13/06 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының бес пайызы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Гүлнәр Такуқызы Жүпенова) квотаға сәйкес, бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандардың жіберілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімі аппаратының басшысы Салтанат Аққошқарқызы Мұқановаға жүктелсін.
      4. Нұра ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 06/01 "Нұра ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған бітірушілері үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2229 тіркелген, 2013 жылғы 30 наурыздағы № 13 "Нұра" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Қ. Бексұлтанов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады