"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілерін ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 387 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда № 10026 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтын қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережесі 16-тармағының 125-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілерін ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9574 тіркелген, «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 6 тамызда № 151 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілерін ұстаудың ішкі тәртібінің қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полиция департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Н. Әбіқаев

Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2014 жылғы 25 қарашадағы   
№ 387 бұйрығымен       
бекітілген         

Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2014 жылғы 10 маусымдағы   
№ 182 бұйрығымен      
бекітілген         

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери
полициясы органдарының гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік
органдарының әскери қызметшілерін ұстаудың ішкі тәртібінің
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының (бұдан әрі – ӘПО) гауптвахтасында ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілерін ұстаудың ішкі тәртібінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 125-15) тармақшасына сәйкес әзірленді және ӘПО гауптвахталарында күдіктілер мен айыпталушыларды ұстаудың ішкі тәртібінің ережесін белгілейді.
      2.Гауптвахтада:
      1) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін орган жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстаған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ҰҚО) әскери қызметшілері;
      2) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген мерзімге сот санкциялаған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін орган күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолданған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдіктелген ҰҚО әскери қызметшілері;
      3) Кодексте белгіленген мерзімге сот санкциялаған күзетпен ұстау бұлтарпау шарасы қолданылған қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған ҰҚО әскери қызметшілері ұсталады.
      3. Қамауда ұстау заңдылық қағидаттарына, кінәсіздік презумпциясына, азаматтардың заң алдындағы теңдігіне, гуманизмге, жеке адамның ар-ожданын құрметтеуге, халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерге дене және адамгершілік азап шектіру мақсаты бар әрекеттерге ұласпауы тиіс.
      4. Гауптвахтадағы ішкі тәртіп осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес ӘПО бастығы анықтайды және бекітеді. Тәртіптемеде сегіз сағаттық үзіліссіз ұйқы, ұйқыдан тұру, әжетханаға бару, ас қабылдау, еңбек ету, ұйқыға жату уақыты қарастырылады. Тәртіптеме әрбір камерада мемлекеттік және орыс тілдерінде ілінеді.

2. Әскери полиция органдарының гаупвахтасына күдіктілер мен
айыпталушыларды қабылдау және орналастыру

      5. Гауптвахтаға жабылатын күдіктілер мен айыпталушыларды гауптвахта бастығы (оның орнын алмастыратын адам) немесе гауптвахта ауысымының бастығы тәулік бойы жүргізеді, ол гаупвахтаға жеткізілген адамдарды қабылдау үшін негіздеме болып табылатын құжаттардың бар-жоғын тексереді, көрсетілген адамнан жауап алып, оның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген мәліметтермен оның жауаптарын салыстырады.
      6. Күдіктілер мен айыпталушылар гауптвахтаға мынадай құжаттардың негізінде қабылданады: ұстау хаттамасы, тергеу судьясының күзетпен ұстау бұлтарпау шарасын санкциялауы туралы қаулысы.
      Күдікті немесе айыпталушыны ӘПО гауптвахтасына жеткізген лауазымды тұлғалар гауптвахта бастығына, оның орнын алмастыратын адамға немесе ауысым бастығына мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
      2) ұсталған адамға жеке тінту жүргізу хаттамасы;
      3) азық-түлік аттестаты.
      Азық-түлік аттестаттары жоқ гауптвахтаға жабылған ұсталған әскери қызметшілер үлеске ӘПО бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығынан үзіндісі бойынша қойылады.
      7. Гауптвахтаға тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауы туралы қаулысынан үзіндісі берілген жағдайда, оның ішінде бұлтартпау шарасы қолданылған адамның толық сауалнамалық деректері көрсетіледі. Үзінді лауазымды тұлғаның қолымен расталады, елтаңбалы мөрмен бекітіледі және үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қаулының көшірмесімен ауыстырылады.
      8. Күдіктілерді немесе айыпталушыларды қабылдаған кезде осы Қағидалардың 6-тармағында қарастырылған қажетті құжаттардың бар-жоғы және оларды дұрыс толтыру тексеріледі, сондай-ақ жеке тексеру жүргізіледі.
      Күдікті және айыпталушы туралы, сондай-ақ алынған және сақтауға қабылданған құжаттар, заттар, нәрселер, бұйымдар, заттектер. құндылықтар, ақша сомалары және азық-түліктер жөніндегі мәліметтер осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Гауптвахтаға жабылған күдіктілерді және айыпталушыларды есепке алу кітабына (бұдан әрі – Есепке алу кітабы) күдіктінің немесе айыпталушының қатысуымен енгізіледі.
      9. Жеке заттар, нәрселер, бұйымдар, заттектер сақтау үшін гауптвахтада ұсталатын адамдардың заттарын сақтау бөлмесіне тапсырылады. Ақша және құндылықтар аталған бөлмедегі темір сейфте сақталады.
      10. Күдіктіні немесе айыпталушыны гауптвахтаға қабылдаған кезде медициналық қызметкер (фельдшер) оларды дене жарақатын анықтау мақсатында тексереді, ол туралы Есепке алу кітабына қажетті жазба жазылады. Анықталған дене жарақаттары жөнінде күдіктіні немесе айыпталушыны гауптвахтаға алып келген лауазымды тұлғаға хабарланады.
      11. Дене жарақаттары анықталған жағдайда күдіктіге немесе айыпталушыға медициналық көмек көрсетіледі. Медицина қызметкерін тәулік мерзімінде қамтамасыз ету арқылы медициналық куәландыру жүргізіледі, оның нәтижелері Есепке алу кітабына тіркеледі. Күдіктіде немесе айыпталушыда дене жарақаттары анықталғаны жөніндегі әрбір деректі гауптвахтаның бастығы немесе оның орнын алмастыратын адам тәуліктік мерзімде жазбаша түрде прокурорға хабарлайды.
      12. Жаңадан келген күдіктілер немесе айыпталушыларды қарап-тексеру «Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 сәуірдегі № 430 қаулысының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      13. Медицина қызметкері (фельдшер) болмаған жағдайда гауптвахта бастығы (ауысым бастығы) гауптвахтаға жабылатын күдіктілерді немесе айыпталушыларды шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттігін анықтау үшін оның денсаулық жағдайы туралы сұрау жүргізеді.
      Гауптвахтаға жабылатын әскери қызметшілердің денсаулық жағдайына (жарақатына) байланысты шағымдары болған кезде гауптвахта бастығы (ауысым бастығы) шұғыл медициналық көмек бригадасын шақыртады.
      Науқастың өміріне қауіп төніп тұрғанда, шұғыл медициналық көмек бригадасы ұзақ уақыт болмағанда немесе келу мүмкін емес кезде, гауптвахта бастығы (ауысым бастығы) ауруды айдауылмен жақын маңда орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарының емдеу мекемелеріне шұғыл жеткізу шараларын қабылдайды.
      Науқас станционарлық емдеуді қажет етсе, ол кешіктірілмей денсаулық сақтау ұйымдарының емдеу мекемелеріне жіберіледі.
      14. Гауптвахтаға қабылданған күдіктілерге немесе айыпталушыларға жазбаша түрде осы Қағидаларда көрсетілген олардың құқықтары мен міндеттері, гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртібі қол қойғыза отырып, тиісті ақпарат ұсынылады және түсіндіріледі.
      Әрбір камерада күзетпен ұсталған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат ілінеді.
      15. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер немесе айыпталушылар, төмендегі талаптарды сақтай отырып, камераларға жеке-жеке және гауптвахтада ұсталатын басқа әскери қызметшілерден бөлек орналастырылады:
      1) офицерлер сержанттық және қатардағы құрамдардың лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет атқаратын әскери қызметшілерден бөлек;
      2) мерзімді қызметтің әскери қызметшілері 1) тармақшада көрсетілген әскери қызметшілер санатынан бөлек;
      3) әйелдер еркектерден бөлек;
      4) бір қылмыстық іс немесе бір-бірімен байланысы бар бірнеше қылмыстық істер бойынша өтіп жатқан әскери қызметшілер;
      5) гауптвахта бастығының шешімі немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші адамның немесе органның, сондай-ақ прокурордың жазбаша нұсқауы бойынша гауптвахтада ұсталатын басқа әскери қызметшілердің тарапынан өмірі және денсаулығына қауіп төнген күдіктілер мен айыпталушылар;
      6) инфекциялық аурулармен ауыратын әскери қызметшілер дені сау әскери қызметшілерден бөлек ұсталады.
      Камераларға орналастыруды гауптвахта бастығы немесе ауысым бастығы осы Қағидалардың 3-қосымшасындағы нысан бойынша камералық орналастыру Жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
      16. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер немесе айыпталушылар осы Қағидалардың 4-қосымшасы бойынша жалпы камераларды сипаттауда көрсетілген құлыптарға жабылған жалпы камераларда ұсталады.
      17. Гауптвахтада ұсталатын күдіктілерді және айыпталушыларды жалғыз адамдық камераларға бір тәуліктен астам мерзімге осы Қағидалардың 5-қосымшасындағы нысан бойынша прокурор санкциялаған Заңның 31-бабына сәйкес гауптвахта бастығының күдіктіні (айыпталушыны) жалғыз адамдық камераға көшіру туралы негізделген қаулысы бойынша орналастырылады.
      Күдіктілер немесе айыпталушылар жалғыз адамдық камераға:
      1) басқа күдіктілер немесе айыпталушылар тарапынан қысымшылық және жәбірлеу көрсетілген;
      2) гауптвахтаның кезекші ауысымының және ӘПО басқа да лауазымды тұлғаларының заңды талаптарына бағынбаған;
      3) сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттектерді сақтаған, жасаған және пайдаланған;
      4) құмар ойындарға қатысқан жағдайларда орналастырылады.
      18. Мынадай жағдайларда жалғыз адамдық камераларға орналастыруға прокурордың рұқсаты талап етілмейді:
      1) Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын қамтамасыз етудің өзге де мүмкіндіктері болмаған кезде;
      2) өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде;
      3) гауптвахтада ұсталатын күдіктілердің немесе айыпталушылардың жалғыз ұстау туралы жазбаша өтініші болған кезде;
      4) күдіктілер немесе айыпталушылар күндіз жалпы камераларда ұсталса, түнгі уақытта жалғыз адамдық камераларға орналастыру кезінде.
      19. Оқшаулау тәртібі гауптвахтаға жабылған күдіктілерді және айыпталушыларды барлық орналастыру кезінде (дәліздерде және гауптвахта аумағында жүру, серуендеуге шыққанда, санитарлық өңдеу кезінде) қамтамасыз етіледі.
      20. Оқшаулауды қамтамасыз ету үшін камералардың терезелері камераларды табиғи жарықтандыруға кедергі келтірмейтін тормен жабдықталады.

3. Күдіктілер мен айыпталушыларды жеке тінту, саусақтарының
таңбасын алу, фотоға түсіру және заттарын тексеріп қарау

      21. Гауптвахтаға жабылған күдіктілерге немесе айыпталушыға жеке тінту, саусақ таңбаларын алу және суретке түсіру, сондай-ақ олардың жеке заттарын тексеріп қарау жүргізіледі.
      22. Күдікті және айыпталушы осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес Тізбе (бұдан әрі – Тізбе) бойынша сәлем-саухат арқылы, азық-түлікті, өзімен бірге алғашқы қажеттілік заттарын, аяқ киімдерді, киімдер мен басқа да өндірістік тауарларды қабылдайды және сақтайды.
      23. Тізбеде көрсетілмеген құжаттар, заттар, нәрселер, бұйымдар, заттектер, құндылықтар, ақшалар және азық-түлік тыйым салынған болып табылады.
      24. Күдіктілерді немесе айыпталушыларды жеке тінту мен олардың жеке заттарын тексеріп қарау, оларда Тізбеде көрсетілмеген сақтау мен пайдалануға тыйым салынған құжаттар мен заттарды гауптвахта бастығы, оның орнын алмастыратын адам немесе ауысым бастығы жүргізеді.
      25. Күдіктілерді немесе айыпталушыларды жеке тінту толық тінту және толық емес тінту болып екіге бөлінеді. Тінтуді тінтілетін адамның жынысына сәйкес адам жүргізеді. Жеке толық тінту:
      1) күдіктіні немесе айыпталушыны гауптвахтаға жабу және оны шығару кезінде;
      2) жеке камераға жабу және одан шығару кезінде;
      3) кездесу жүргізудің алдында және кездесуден кейін;
      4) ішкі тәртіпті бұзған, қашу әрекетін жасаған немесе қашып кеткен, басқа да қылмыс жасаған күдіктіні немесе айыпталушыны ұстаған кезде жүргізіледі.
      26. Толық тінту мынадай тәртіпте жүргізіледі:
      1) күдіктіге немесе айыпталушыға пайдалануға тыйым салынған нәрселерді тапсыру ұсынылады, одан кейін бас киімін шешу, аяқ киімі, киімі мен ішкі киімін шешу талап етіледі;
      2) аяқ, қол саусақтарының арасы, құлақтары мен ауыз қуысы, сондай-ақ медициналық орамалар мен протездері қаралады. Орамалар мен протездерді қарау медициналық қызметкердің (фельдшердің) қатысуымен іске асырылады;
      3) күдіктіге немесе айыпталушыға тиесілі киім, бас киім аяқ киім мен заттар қаралады. Киімдердің жағалары, тігістері мен астары тексеріледі. Киімге тігілген заттар табылған жағдайда матасы жыртылады. Аяқ киімдердің супинаторлары, металлдық кездеме бедерлері алынады. Киімнің жеке бөліктері бізбен тесіледі, сонымен қатар жамаулар, өкше-тақалар, табандар және басқа да ақша, есірткі құралдарын, психотроптық заттар, прекурсорлар мен пайдалануға және сақтауға тыйым салынған заттар тығуға оңай жерлер тексеріледі.
      27. Күдікті немесе айыпталушы тыйым салынған заттарды тығуға негіз болған жағдайларда оны толық емес тінтуді гауптвахтаның кезекшілік ауысымы жүргізеді.
      28. Толық емес тінту кезінде күдіктіге немесе айыпталушыға тыйым салынған заттарды тапсыру ұсынылады. Киімдер тиянақты тексеріледі. Сонымен қатар жеңдерде, жағалар мен қалташаларда, шалбарлардың жамауларында тыйым салынған немесе шабуыл жасау заттарының болмауы тексеріледі. Одан кейін қалталардың іші, бас киімдер, аяқ киім тексеріледі. Тінтілетін адам өзін күдікті ұстаған жағдайда немесе тінтілушіде тыйым салынған заттардың болуы туралы ақпараттар болған жағдайда толық тінту жүргізіледі.
      29. Тінту барысында гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртіптемесін бұзған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдіктіге немесе айыпталушыға қолдарын жоғары көтеріп, аяқтарын иық еніне қою ұсынылады. Тінтуші тінтілетіннің артына тұрып, жоғарыдан төменге қарай тексереді. Тінтушінің нұсқаулығымен тінтілетін адам қолдарын қабырғаға сүйеп тұрады.
      30. Гауптвахтаға жабылған күдіктілердің немесе айыпталушылардың заттарын қарау гауптвахтаға қабылдану кезінде немесе шығарылу кезінде, басқа камераға ауысу мен денсаулық сақтау ұйымдарының емдеу мекемелеріне жөнелтілу кезінде өздерінің қатысуымен іске асырылады.
      Заттарды қарау, яғни олардың конструкциялық бүтінділігін бұзбай жүзеге асырылатын тексеру, зат иесінің қатысуымен жүргізіледі.
      31. Күдіктіге (айыпталушыға) жеке тінту жүргізу және оның заттарын қарау осы Қағидалардың 7-қосымшасындағы нысан бойынша хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға күдікті немесе айыпталушы мен оған жеке тінту және заттарын қарауды жүргізген гауптвахтаның лауазымды тұлғасы қол қояды. Жеке тінту мен заттарды қарау хаттамасының көшірмесі күдікті немесе айыпталушы әскери қызметшіге беріледі.
      32. Гауптвахтаға жабылған күдікті немес айыпталушы хаттамаға қол қоюдан бас тартуы мен жеке тінту, заттарын тексеру тәртібіне жасалған шағымдарының барлығы хаттамаға енгізіледі. Хаттама жеке іске тігіледі.
      33. Гауптвахтаға жабылған күдіктілердің және айыпталушылардың жеке істерінде олардың суреттері болмаса, оларды гауптвахта әкімшілігі суретке түсіреді. Олардың әрбіреуіне алты алтыдан (үшеуі алдынан, үшеуі қырынан), көлемдері 4,5х6, 6х9 см болатын фото карточкалар дайындалады.
      34. Гауптвахтаға жабылмай тұрып күдіктілер мен айыпталушылардың саусақтарынан таңба түсіріледі.

4. Күдіктілерден немесе айыпталушылардан сақтауға және
пайдалануға тыйым салынған құжаттарды, заттарды, нәрселерді,
бұйымдарды, заттектерді, құндылықтарды, ақшалар мен
азық-түліктерді алу

      35. Күдіктіден немесе айыпталушыдан табылған Тізбеде көрсетілмеген заттар және басқа да өндірсітік тауарлар алынып, ол туралы осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес хаттама жасалады.
      36. Күдіктінің немесе айыпталушының жазбаша арызы бойынша гауптвахтада сақтаудағы Тізбеде көрсетілген заттар және басқа да өндірістік тауарлары оның жұбайына (күйеуіне) немесе жақын туыстарына беріледі.
      37. Күдікті немесе айыпталушы қайтыс болған жағдайда, сақтаудағы оған тиесілі құжаттар, заттар, нәрселер, бұйымдар, заттектер, құндылықтар, ақшалар мен азық-түліктер оның жұбайына (күйеуіне) немесе жақын туыстарына беріледі.

5. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушыларды
материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету

      38. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер немесе айыпталушылар:
      1) жататын орынмен;
      2) ұйықтауға арналған төсек қажеттіліктермен: матрацпен, жастықпен, көрпемен, екі ақжаймамен, жастықтыспен;
      3) ас қабылдау уақытына асханалық ыдыспен және асханалық жабдықтармен: кесемен, қасық, үлкен кесемен;
      4) жалпы әскери жарғылармен, кітаптармен, журналдармен және мерзімдік басылымдармен қамтамасыз етіледі.
      Күдіктілер және айыпталушылар асты камераларда немесе гауптвахтаның асханасында ішеді. Жалғыз адамдық камералардағы күдіктілер мен айыпталушылар асты камерада ішеді.
      Барлық камералар түнгі уақытта кезекші жарықпен қамтылады.
      39. Күдіктіге немесе айыпталушыға аптасына екі реттен кем емес ұзақтығы 15 минуттан аспайтын уақытқа суға түсуге рұқсат етіледі. Моншаға түсу аптасына бір рет жүргізіледі.
      40. Ұсыныстар, шағымдар, арыздар жазу үшін күдіктілер мен айыпталушыларға олардың өтініші бойынша жазуға қажетті заттар беріледі (қағаз, қалам).
      41. Күдіктілер және айыпталушылар «Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысандары үлгілерін, сондай-ақ Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмысына жету үшін ақысыз жол жүрумен, тамақпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысымен бекітілген күдіктілерге, айыпталушыларға, сотталғандарға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі балаларға арналған тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларына сәйкес тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
      Гауаптвахта ұсталып отырған жүкті әйелдер жоғары тамақтану нормаларымен қамтамасыз етіледі.

6. Гауаптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушылардың
сауқаттарды, сәлемдемелер мен ақшалай аударымдарды алуы және жіберуі

      42. Күдіктілер немесе айыпталушылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысымен бекітілген Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтімдеріне почта мөртабанын қолдану қағидаларында қарастырылған нормаларынан аспайтын салмағындағы сауқаттарды, сәлемдемелерді санын шектеусіз алады.
      Беруге рұқсат етілген заттардың тізбесі гауптвахтаның стендінде мемлекеттік және орыс тілдерінде ілінеді.
      43. Сәлемдемені алып келуші осы Қағидалардың 8-қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінішті екі нұсқада толтырып, қол қояды. Өтініштің екі нұсқасы, сәлемдеме, сәлемдемені алып келген адамның жеке куәлігін куәландыратын құжат гауптвахта қызметкеріне беріледі.
      44. Сәлемдемені қабылдап, гауптвахта қызметкері келушіге оның жеке басын куәландыратын құжатын, өтініштің алғашқы нұсқасын қабылдау туралы қолымен қайтарып, екінші нұсқасын гауптвахтада ұсталатын күдіктінің немесе айыпталушының сәлемдемені алғаны туралы қолы қойылғаннан кейін оның жеке ісіне қосып қояды. Жеке істе сәлемдемені қабылдау туралы белгі қойылады. Өтінішке қол қоюдан бас тартқан кезде, ол туралы тиісті белгі қойылады.
      45. Сәлемдемеде Тізбеде көрсетілмеген заттар және басқа да өндірістік тауарлар табылған жағдайда, олар сәлемдемені әкелген адамға қайтару себебі көрсетіле отырып, қайтарылады. Егер сауқаттар пошта арқылы алынса, Тізбеде көрсетілмеген заттар және басқа да тауарлар күдіктінің немесе айыпталушының сақтауда жатқан жеке заттарының тізіліміне қосылып, оның басқа заттарымен бірге босатылуына дейін сақталады.
      46. Сәлемдемелер мынадай жағдайларда қабылданбайды және келушіге қайтарылады:
      1) адресат иесі гауптвахтадан босатылғанда;
      2) гауптвахтада ұсталған күдікті немесе айыпталушы қайтыс болғанда;
      3) сәлемдемені алып келген адам өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетпеген жағдайда;
      4) күдікті немесе айыпталушы сәлемдемені қабылдамау туралы жазбаша қарсылық білдірген кезде.
      47. Сауқат немесе сәлемдеме күдіктіге немесе айыпталушыға оларды қабылдағаннан кейін бір тәуліктен кем емес уақытта тапсырылады.
      48. Медициналық қорытындыға сәйкес күдіктілер мен айыпталушылар алатын дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар сауқаттар мен сәлемдемелердің қатарына кірмейді.
      49. Гауптвахтада күзетпен ұсталатын күдіктілер мен айыпталушыларға келіп түскен ақшалай аударымдар, олардың жеке шоттарына жіберіледі. Гауаптвахта әкімшілігінің жазбаша рұқсатымен күдіктілер мен айыпталушылар туыстарына және өзге де адамдарға ақшалай аударымдар жібереді.

7. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушылардың
жеделхаттар мен хаттарды алуы және жөнелтуі, сондай-ақ
арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды жолдауы

      50. Күдіктілерге және айыпталушыларға жұбайына (күйеуіне) немесе жақын туыстарына, сондай-ақ өзге де адамдарға өз есебінен айына екі хат немесе жеделхат алуға және жіберуге рұқсат беріледі. Хат алмасу сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның немесе органның рұқсатымен гауптвахта әкімшілігі арқылы жүзеге асырылады.
      51. Күдіктілер мен айыпталушылардың прокурорға не болмаса сотқа жолдайтын хаттарынан басқа жөнелтетін және алатын хат-хабары цензураға ұшырайды.
      52. Гауптвахта өкілі күн сайын күдіктілер мен айыпталушылардан хаттарды және жеделхаттардың толтырылған бланкілерін қабылдайды. Жабылмаған конверттегі, жіберушінің тегі, аты-жөні және ұстау орнының пошталық мекенжайы көрсетілген хаттар қабылданады. Толтырылған жеделхат бланкісіне өтініш авторының қаражаты есебінен төлеу үшін оның есеп шотынан ақша алу туралы (еркін нысандағы) гауптвахта әкімшілігі бастығының атына жазылған өтініш тіркеліп беріледі.
      53. Жеделхат жіберілгеннен кейін күдіктіге немесе айыпталушыға пошталық түбіртек беріледі, ал есеп шотында ақша болған жағдайда оған тиісті белгісі бар ақша түбіртегі қайтарылады. Егер соманың қалдығы болмаса түбіртек өтінішке тіркеледі. Жеделхат жіберген күдіктінің немесе айыпталушының өтініші пошталық түбіртекті алғаны туралы қолхатпен жеке іске тіркеледі.
      54. Келіп түскен хатты беруді ауысым бастығы хат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізеді. Күдіктінің немесе айыпталушының атына гауптвахтадан босатылғаннан кейін келіп түскен хаттар, келген күнінен бастап үш жұмыс күннен кешіктірілмей оның кеткен жеріне жіберіледі.
      55. Қылмыстық істің ашылуына кедергі тудыратын не қылмыстық құқық бұзушылық жасалуына себепші болатын, құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпиялары бар ұсыныстар мен өтініштер, шағымдар мекенжайға жолданбайды, күдіктілер мен айыпталушыларға берілмейді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші адамға немесе органға беріледі.
      56. Жұбайының (күйеуінің) немесе жақын туысының өлімі немесе қатты науқастануы туралы мәлімет күдіктіге және айыпталушыға оны алысымен дереу хабарланады.
      57. Гауптвахта қызметкерлері күнделікті камераларды аралау кезінде күдіктілер мен айыпталушылардан ұсыныстар мен өтініштерді, арыздарды жазбаша және ауызша түрде алады. Ұсыныстар мен өтініштерге, арыздарға келіп түскен жауаптар күдіктілер мен айыпталушыларға қолхат арқылы хабарландырылады және жеке ісіне тігіледі.
      58. Ауызша алынған ұсыныстар, өтініштер мен арыздар іле-шала гауптвахта бастығына баяндалады.
      59. Жазбаша мазмұндалған ұсыныстар, өтініштер және шағымдар осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша гаупвахтада ұсталушы күдіктілер мен айыпталушылардың ұсыныстары, өтініштері және шағымдары тіркеу кітабына тіркеледі және тиісті органдарға жазаны орындаушы ӘПО басшылығы арқылы жолданады.
      Күдіктілер мен айыпталушылардың жазаны өтеу мекемелері мен органдардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға жіберген ұсыныстары, өтініштері мен арыздары тексерілуге жатпайды және бір тәуліктен кешіктірілмей тиістілігі бойынша жолданады.
      60. Гауптвахтада осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Гауптвахтаны тексеруші адамдардың ескертулері мен ұсыныстарының кітабы жүргізіледі. Кітап гауптвахтаны тексеруге құқығы бар адамдарға қарауға және ескертулер мен ұсыныстарды туралы тиісті жазбаларды енгізуге беріледі.
      Тексеруші белгілеген мерзімде, гауптвахта бастығы кемшіліктерді жойғандығы туралы ӘПО бастығына баяндайды.

8. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушылардың дiни
рәсімдерді жасауы

      61. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілер мен айыпталушыларға ар-ождан мен діни наным бостандық құқығына кепілдік беріледі.
      62. Діни рәсімдерді жасау ерікті болып табылады.
      63. Күдіктілер мен айыпталушылар діни рәсімдерін камераларда олар тиесілі діни конфессиялық дәстүрлерге сәйкес жасайды.
      64. Осы Қағидаларды және гауптвахтада ұсталушы басқа әскери қызметшілердің құқықтарын бұзатын діни рәсімдерді жасауға жол берілмейді.

9. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілер мен айыпталушылардың
газеттерге және журналдарға жазылуы

      65. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілер мен айыпталушыларға Қазақстан Республикасының байланыс бөлімшелері арқылы таратылатын газеттер мен журналдарға өз қаражаты есебінен жазылу құқығы беріледі.
      66. Жазылуды ресімдеу үшін күдікті немесе айыпталушы гауптвахта бастығының атына өтініш білдіреді. Өз қаражаты есебінен жазылуды ресімдеуге өтініш білдірген күдіктіге немесе айыпталушыға абонемент бланкісі және жеткізу карточкасы беріледі.
      67. Байланыс бөлімінде жазылуды ресімдеуді гауптвахтаның қызметкері гауптвахтада ұсталушы күдікті немесе айыпталушының есеп шотындағы қаражат арқылы іске асырады.
      68. Жазылуды басқа мекен жайға жіберу жазылушының қаражаты есебінен оның жазбаша арызы бойынша ӘПО басшылығының рұқсатымен жүзеге асырылады.
      69. Жазылу күдіктінің немесе айыпталушының атына оның жұбайы (зайыбы) немесе туыстарына ресімделеді.
      70. Жазылу ресімделуі мүмкін басылымдардың саны шектелмейді.

10. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушыларды
медициналық-санитарлық қамтамасыз ету

      71. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушылар медициналық көмек алу үшін медициналық қызметкерге (гауптвахта фельдшеріне) күн сайынғы камераларды аралау кезінде өтініш білдіреді, ал қатты сырқатқа шалдыққан жағдайда гауптвахтаның кез келген қызметкеріне өтініш білдіреді. Күдікті немесе айыпталушы көмек сұраған қызметкер оған медициналық көмек көрсету шараларын қабылдап, медициналық қызметкерді шақыртады.
      72. Денсаулығына шағым білдірген күдікті немесе айыпталушы медициналық қызметкердің қорытындысы бойынша қажет болған жағдайда шұғыл білікті медициналық көмек алып, айдауылмен денсаулық сақтау ұйымының емдеу мекемесіне жөнелтілуі тиіс. Күдіктіні немесе айыпталушыны денсаулық сақтау ұйымының мекемесіне орналастыру туралы ақпаратты гауптвахта бастығы судья, прокурор және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші органына тез арада хабарлап, күдіктіні немесе айыпталушыны күзету үшін айдауыл қояды.
      73. Күдікті немесе айыпталушы ауыр сырқатқа ұшыраған немесе қайтыс болған жағдайда гауптвахта бастығы жазбаша түрде ол туралы жұбайына (күйеуіне) немесе жақын туыстарына, прокурорға және әскери бөлім басшылығына хабарлайды. Қайтыс болған адамның денесі патологоанатомиялық зерттеуден, сондай-ақ тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін оны талап еткен адамдарға беріледі.
      74. Күдікті немесе айыпталушы жазылғаннан кейін, егер сот, прокурор және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші органының шешімі өзгермесе, ол айдауылдың еріп жүруімен қайта гауптвахтаға жіберіледі.
      75. Күдіктілер және айыпталушыларға көрсетілетін амбулаторлық көмек камераларда жүргізіледі. Дәрі-дәрмектер дәрігердің тағайындауымен, көрсетілген мөлшерлерде жеке қол қою арқылы беріледі.
      76. Ағымдық шығыстарға арналған барлық дәрілік заттар және шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған мүліктер құлыппен жабылатын орын-жайлардағы арнайы шкафтарда сақталады. Орын-жай мөрленеді.
      Дәрілік заттарды науқасқа берер алдында олардың дәрігердің нұсқаулығына сәйкестігі мен жарамдылық мерзімі тексеріледі.
      77. Медициналық қызметкер (гауптвахтаның фельдшері) күдіктілер мен айыпталушылардың күн сайынғы сыртқы тексерісін, сонымен қатар гауптвахтаға тергеу амалдарына немесе сот отырыстарына қатысқаннан кейін келгендерді дене жарақаттары мен инфекциялық ауруларын анықтау мақсатында тексереді. Инфекциялық науқастарды анықтаған кезде олар шұғыл түрде оқшауланып, кешенді эпидемияға қарсы шаралар іске асырылады.
      78. Күдіктінің және айыпталушының дене жарақаттарын медициналық куәландыруды уәкілетті органның денсаулық сақтау саласындағы медициналық мекемесінің қызметкерлері Заңның 23-бабына сәйкес жүргізеді.
      79. Күдіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз етудің өзге де мәселелері «Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарына өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 сәуірдегі № 430 қаулысымен реттеледі.

11. Күн сайын серуенге шығару

      80. Әр гауптвахта жанында гауптвахтада ұсталушы күдіктілер мен айыпталушыларды серуенге шығаруға арналған, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес серуендеу ауласының сипаттамасына лайық белгіленген үш метрден биік емес тығыз дуалмен қоршалған, үстінен металл тормен жабдықталған аула болады.
      81. Күдіктілер және айыпталушылар күн сайын бір сағаттан кем емес уақытқа серуенге шығарылады. Жүкті әйелдер үшін серуенге шығу уақыты үш сағатқа дейін. Серуендеуді жүргізу ұзақтығын гауптвахтаның әкімшілігі күннің ішкі тәртібі мен ауа райы жағдайларын ескере отырып белгілейді.
      82. Серуен камералар бойынша жүргізіліп, күдіктілер немесе айыпталушылар осы Қағидаларда белгіленген гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртібін бұзған жағдайда гауптвахта бастығының (ауысым бастығының) шешімімен мерзімінен бұрын аяқталады.
      83. Серуеннен босатылуды гауптвахтаның бастығы күдіктінің немесе айыпталушының өтінішінен кейін жүзеге асырады.

12. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілер мен айыпталушылардың
қорғаушылармен, туыстарымен және өзге де адамдармен кездесуі

      84. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілер мен айыпталушыларға сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші адам немесе органның рұқсаты негізінде туыстары және өзге де адамдармен айына әрқайсысының ұзақтығы үш сағатқа дейін екі реттен аспайтын кездесулер беріледі.
      85. Кездесу жалпы кезекпен беріледі. Кездесуге келген адамдар кездесу кезінде мінез-құлқы қағидалары туралы ақпараттандырылады және осы Қағидаларда белгіленген талаптарды бұзған жағдайда тоқтатылатыны туралы ескертіледі.
      86. Жеке басын куәландыратын құжатсыз немесе алкогольды мас күйде кездесуге келген адамдарға, сондай-ақ рұқсатта көрсетілмеген адамдарға кездесуге рұқсат берілмейді. Гауптвахта бастығы (ауысым бастығы) кездесуге келген адамға кездесуге мүмкіндік беруден бас тарту себебін жеткізеді.
      87. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілер мен айыпталушылардың жұбайымен (күйеуімен) немесе туыстарымен, сондай-ақ өзге де адамдармен кездесуі гауптвахта қызметкерлерінің бақылауымен кездесуге арналған жабдықталған бөлмеде қандай да бір заттарды беруге жол бермейтін, бірақ осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес көзбе-көз сөйлесуге кедергі келтірмейтін бөліп тұратын аралық арқылы жүргізіледі.
      88. Күдіктілер мен айыпталушылар ұсталған кезден бастап оларға қорғаушысымен оңаша және құпия кездесулер беріледі. Кездесулердің саны және ұзақтығы шектелмейді.
      89. Күдіктілермен және айыпталушылармен кездесу, сонымен қатар Заңның 17-бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен қарастырылған жағдайларда беріледі.
      90. Күдіктілермен немесе айыпталушылармен кездесуге рұқсат алған адамдарға гауптвахтаға ӘПО бастығының немесе оның орнын алмастыратын адамның рұқсатынсыз байланыс, техникалық құралдарын, компьютерлер, кино, фото, аудио, бейне аппаратурасын әкелуге және пайдалануға тыйым салынады.
      91. Тізбеде көрсетілмеген заттар мен басқа да өндірістік тауарларды немесе қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға не қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін мәліметтерді беруге тырысқан жағдайда кездесу мерізімінен бұрын тоқтатылады.
      92. Кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда кездесудің жүргізілуіне жауапты гауптвахтаның қызметкері жазбаша түрде бұл туралы гауптвахта бастығына себебін көрсете отырып хабарлайды.
      93. Күдіктілермен және айыпталушылармен қысқа мерзімдік кездесуді тоқтатқан жағдайда (карантинмен, ерекше жағдайлар тәртібін енгізумен байланысты), гауптвахта бастығы ол туралы қылмыстық-атқарушылық қызмет саласында бақылау жүргізетін прокурорға, тиісті сот және тергеу органдарына хабарлап, ӘПО бақылау-өткізу пунктіне тиісті хабарландыру іледі.

13. Күдіктілер мен айыпталушылардың тергеу амалдары мен сот
отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету

      94. ӘПО басшылығы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамға күдіктілермен және айыпталушылармен тергеу амалдарын жүргізу үшін жұмыс уақытында кедергісіз кіруді қамтамасыз етеді.
      95. Күдіктілер және айыпталушылар Кодекстің 209-бабы 2-бөлімінің талаптарына сәйкес кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқа кезде жауап алуға тек күндізгі уақытта шақырылады.
      96. Күдіктілер мен айыпталушыларды гауптвахтаның кезекші ауысымының тапсыру-қабылдау кезеңінде, ішкі күн тәртібі бойынша ас қабылдау кезінде (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас), сонымен қатар кешкі уақытта (кешкі сағат жиырма екіден келесі күннің таңғы сағат алтыға дейін) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізетін адамның шақыртуымен камерадан шығаруға, Кодекспен көзделген жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады.
      97. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамның нұсқауы бойынша гауптвахта аймағында тергеу амалдарын, амбулаторлық сот-психиатриялық және басқа да сараптамалар жүргізу үшін гауптвахтаның бастығы:
      1) жабдықталған орын-жай ұсынады;
      2) күдіктіні немесе айыпталушыны жеткізіп, оны күзетуді қамтамасыз етеді;
      3) тергеу амалдарына қатыстырылған басқа да адамдардың гауптвахта аумағына өтуін қамтамасыз етеді.
      98. Істі апелляциялық инстанцияда қарастыру, күзетпен ұстау мерзімнің ұзартылғаны, істі бір органнан басқа органға беру туралы хабарламалар гауптвахтада ұсталушы күдіктілер мен айыпталушыларға жарияланып, оның жеке ісіне тігіледі.

14. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушыларға
көтермелеу мен жазалауды қолдану

      99. Күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты көтермелеу және жазалау шаралары, сондай-ақ оларды қолдану тәртібі Заңның 3637 және 38-баптарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      100. Гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ міндеттерді орындамағаны үшін күдіктілер мен айыпталушыларға мынадай жазалау шаралары қолданылады:
      1) сөгіс;
      2) жалғыз адамдық камераға он бес тәулікке жабу.
      101. Күдікті және айыпталушы гауптвахтада осы Қағидалардың 17-тармағының 1)2)3)4) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, оған қатысты гауптвахта бастығы немесе оның орнын алмастырушы адам күдіктіге және айыпталушыға сөгіс түріндегі жаза қолданады.
      102. Күдіктіге және айыпталушыға жалғыз адамдық камераға орналастыру түріндегі жазаны гауптвахта бастығы немесе оның орнын алмастырушы адам осы Қағидалардың 17-тармағының 1)2)3)4)тармақшаларында көрсетілген жағдайларда қолданады.
      103. Жалғыз адамдық камераға орналастыру жазасы жүкті әйелдерге қолданылмайды.
      104. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушыларға жаза қолдану туралы қолхат арқылы жарияланып, жеке ісіне қосылады.
      105. Ауызша жарияланғандардан басқа барлық жазалар мен көтермелеулерді гауптвахта бастығы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гауптвахтада ұсталушы күдіктілерді және айыпталушыларды жазалау мен көтермелеу кітабына тіркейді.
      106. Жалғыз адамдық камераға орналастыру туралы кезекші ауысым бастығы баянатымен гауптвахта бастығына мәлімденеді, соңғы өз кезегінде ол жағдайды ӘПО басшылығына баяндайды.

15. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілерді және айыпталушыларды
гауптвахта бастығының жеке қабылдауы

      107. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілер мен айыпталушыларды гауптвахта бастығының жеке қабылдауы күн сайын, жұмыс уақытында мерекелік және демалыс күндерінен басқа күндері өткізіледі.
      108. Күдіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдауы оларға хабарланатын гауптвахта бастығы бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
      109. Күдіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдауға жазуды гауптвахта қызметкерлері күн сайын камераларды аралаған кезде жүзеге асырады. Қабылдау туралы гауптвахта бастығының атына жазылған арыз жазбаша немесе ауызша түрде тіркеліп, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гауптвахта бастығының жеке қабылдауы журналына (бұдан әрі – Жеке қабылдау журналы) оларды беру кезегінің тәртібінде тіркеледі.
      110. Қабылдау берілген арыздардың кезегіне сәйкес өткізіледі. Қабылдау аяқталғаннан кейін күдіктінің немесе айыпталушының арызында және жеке қабылдау журналында оның нәтижелері белгіленеді. Арыз күдіктінің немесе айыпталушының жеке ісіне тігіледі.
      111. Гауптвахта бастығының гауптвахтаға жабылған күдіктінің немесе айыпталушының жұбайын (күйеуін), туыстарын немесе өзге де адамдарды жеке қабылдауы қызметтік бөлмеде, гауптвахтаның ақпараттар стендіне ілінген кестеге сәйкес өткізіледі.
      112. Күдіктілердің немесе айыпталушылардың жұбайын (күйеуін) немесе туыстарын жеке қабылдау нәтижелері жеке қабылдау журналында белгіленеді.

16. Күдіктілер мен айыпталушылардың денелерін беру

      113. Гауптвахтада ұсталушы күдікті мен айыпталушының қайтыс болуы туралы ӘПО басшылығы тез арада прокурорға, жеке ісінде көрсетілген жұбайына (күйеуіне) немесе жақын туыстарына, әскери бөлім қолбасшылығына, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші тұлғаға хабарлайды.
      Егер қайтыс болған күдіктінің немесе айыпталушының жұбайы (күйеуі) немесе жақын туыстары гауптвахта орналасқан жерден басқа қалада немесе басқа елді мекенде тұрақтаса, онда хабар телеграф арқылы жіберіледі.
      114. Қайтыс болғанның денесі жақын маңда орналасқан денсаулық сақтау мекемесінің мәйітханасына сақталуға жеті күннен аспайтын уақытқа немесе аталған сұрақты шешуге құзыретті мемлекеттік органның қайтыс болу фактісін тексеру уақыты аяқталғанға дейін жолданады.
      115. Денені беру сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші тұлға немесе органның рұқсаты арқылы, жұбайы (күйеуі), жақын туыстарының жазбаша арызы бойынша жүзеге асырылады. Денені алу үшін жеке басын куәландыратын құжаты болу керек.
      116. Қайтыс болған адамның жұбайына (күйеуіне) немесе жақын туыстарына қайтыс болу туралы куәлікті алудың тәртібі түсіндіріледі.
      117. Егер қайтыс болған адамның жұбайы (күйеуі) немесе жақын туыстары денені уақытында алып кетуге шамалары келмесе, олар ол туралы хабарлап, оны орнатылған мерзімнен көбірек уақыт сақтау үшін төлем жасау керек.
      118. Көрсетілген мерзімде алып кетпеген қайтыс болған адамның денесі мемлекет есебінен жерленеді.

17. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілерді және айыпталушыларды босату

      119. Күдіктілерді немесе айыпталушыларды күзетпен ұстаудан босату гауптвахта бастығымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші тұлғаның немесе прокурордың, сондай-ақ Кодекстің 145-бабының сегізінші бөлігінде көрсетілген жағдайлардан басқа, прокурормен келісілген күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын өзгерту немесе күшін жою туралы қылмыстық қудалау органының негізделген қаулысын алған соң жүзеге асырылады.
      120. Егерде ұстау жүргізілгеннен соң жетпіс екі сағат ішінде гауптвахта бастығына күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауы туралы соттың қаулысы түспеген жағдайда, гауптвахта бастығы тез арада өз қаулысымен ұсталған адамды босатады және ол туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші орган немесе тұлғаға және де прокурорға хабарлайды.
      121. Гауптвахта бастығы күдіктіні немесе айыпталушыны күзетпен ұстаудың мерзімі аяқталуына жиырма төрт сағат қалған уақыттан кешіктірмей ол жағдай туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші тұлғаға немесе прокурорға жазбаша хабарлама жібереді.
      122. Күзетпен ұстаудың мерзімін ұзарту туралы хабарламаны факсимильдік байланыс арқылы қабылдауға рұқсат етіледі, ал хабарламаның түпнұсқасы поштамен қабылданады. Егер де күзетпен ұстаудың мерзімі өтіп кеткен жағдайда, күдіктіні немесе айыпталушыны босату немесе күзетпен ұстаудың мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім немесе ол шешім туралы хабарлама гауптвахтаға түспеген кезде, гауптвахта бастығы өз қаулысымен күдіктіні немесе айыпталушыны босатады және қаулының көшірмесін жиырма төрт сағат ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші адамға және прокурорға жолдайды.
      123. Күдікті және айыпталушы босатылғанға дейін күзетпен ұстаудың мерзімін ұзарту туралы хабарлама келіп түссе, гауптвахта бастығы өз қаулысының күшін жояды және ол туралы прокурорға хабар береді.
      124. Күзетпен ұстаудан босатылған күдіктіге немесе айыпталушыға жеке құжаттары, заттары, нәрселері, бұйымдары, заттектері, құндылықтары, ақшалары, сондай-ақ келесі мәліметтері көрсетілген анықтама беріледі: кім ұстады, ұстау және күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану негіздері, орны және уақыты, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану қандай сотпен санкцияланған, босатылу негіздері және уақыты.
      125. Гауптвахта бастығы күзетпен ұстаудың мерзімі аяқталуына үш тәулік қалған кезде күдіктінің немесе айыпталушының босатылуы туралы әскери бөлім командиріне хабарлама береді.
      126. Әскери бөлім командирі гауптвахта бастығының хабарламасы бойынша көрсетілген мерзімге бөлім өкілін босатылған әскери қызметшіні қызмет атқару орнына жеткізу үшін жібереді, сондай-ақ әскери қызметшіні жыл мезгіліне қарай киім-кешекпен қамтамасыз ету шараларын қолданады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті әскери полициясы органдарының 
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік 
органдарының әскери қызметшілерін  
ұстаудың ішкі тәртібінің      
қағидаларына             
1-қосымша               

Бекітемін           
Әскери полиция органының бастығы
______________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты (егер ол болса))
20 ___ жылғы « ___ » __________

ІШКІ ТӘРТІП

      1. Күдіктілер және айыпталушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілерін ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларының талаптарын сақтайды.
      2. Гауптвахтада ұсталатын күдікті және айыпталушы әскери қызметшілер үшін мынадай ішкі күн тәртібі белгіленеді:

Р/с

Өткізілетін іс-шаралардың атауы

Ұзақтығы

Өткізу уақыты

басталуы

аяқталауы

1.

Тұрғызу

10 минут

6.00

6.10

2.

Күдіктілерді және айыпталушыларды тексеру, төсек жабдықтарын тапсыру, сәкіні көтеру

20 минут

6.10

6.30

3.

Таңертеңгі жуынып-шайыну

40 минут

6.30

7.10

4.

Гауптвахтаның камералары мен орын-жайларын жинастыру

40 минут

7.10

7.50

5.

Таңертеңгі тексеріп қарау

30 минут

7.50

8.20

6.

Ертеңгі ас

20 минут

8.20

8.40

7.

Гауптвахта қызметкерлерінің камераларды аралап шығуы

20 минут

8.40

9.00

8.

Жуыну

20 минут

13.20

13.40

9.

Түскі ас

40 минут

13.40

14.20

10.

Жеке уақыт

30 минут

14.20

14.50

11.

Серуендеу

60 минут

14.50

15.50

Жүкті әйелдердің серуендеуі

180 минут

14.50

17.50

12.

Шаруашылық жұмыстар өткізу

40 минут

17.50

18.30

13.

Жеке уақыт

30 минут

18.30

19.00

14.

Кешкі ас

30 минут

19.00

19.30

15.

Мерзімдік басылым мен журналдарды қарау

50 минут

19.30

20.20

16.

Гауптвахтаның камералары мен орын-жайларын жинау

40 минут

20.20

21.00

17.

Кешкі жуыну

30 минут

21.00

21.30

18.

Кешкі тексеру

20 минут

21.30

21.50

19.

Төсек жабдықтарын беру, сәкілерді түсіру

10 минут

21.50

22.00

20.

Ұйықтау

22.00

Гауптвахта бастығы
______________________________
(әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса))
20_____жылғы « __ » _______

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті әскери полициясы органдарының 
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік  
органдарының әскери қызметшілерін   
ұстаудың ішкі тәртібінің         
қағидаларына               
2-қосымша                 

Нысан

20___ жылы гауптвахтаға жабылған күдіктілерді және
айыпталушыларды есепке алу кітабы

Басталуы: 20__ ж. «__»_____
Аяқталуы: 20__ ж. «__»_____

Сыртқы беті

№ р.с, күзетпен ұстауға алынған күні мен уақыты

Лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Әскери бөлімнің нөмірі

Кім ұстаған (күзетпен ұстауға алынған) және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің қандай бабы бойынша

Қандай мерзімге ұсталды (күзетпен ұстауға алынған) және қандай камерада ұсталады

Сақтауға қабылданған құжаттар, заттар, нәрселер, бұйымдар, заттектер, құндылықтар, ақшалар және азық-түліктер

Ұстау (күзетпен ұстау) мерзімі қашан аяқталады

Күдіктіні және айыпталушыны қабылдау барысында медициналық тексеріп қарау,
моншада шомылу және дене қарауын жүргізу уақыты туралы жазба (медицина қызметкерінің қолы)

Босатылуы туралы жазба

Гауптвахтаға қабылдау кезінде құжаттарды, заттарды, нәрселерді, бұйымдарды, заттектерді, құндылықтарды, ақшалар мен азық-түліктерді тапсырғандығы туралы қолы

Күзетпен ұстаудан босатылған соң гауптвахтадан шығу кезінде құжаттарды, заттарды, нәрселерді, бұйымдарды, заттектерді, құндылықтарды, ақшалар мен азық-түліктерді алғандығы туралы қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті әскери полициясы органдарының 
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік  
органдарының әскери қызметшілерін   
ұстаудың ішкі тәртібінің          
қағидаларына                
3-қосымша                  

Нысан

Бекітемін            
ӘПО бастығы           
__________________________________
(лауазымы, қолы, тегі)    
_____ жылғы «___» _________________

Камераларға орналастыру жоспары

Бөлек ұсталатындар

Камераның нөмірі

Камерадағы орындардың саны

Ескертпе

1

2

3

4









ӘПО бастығының орынбасары ___________________________________________
                                 (әскери атағы, қолы, тегі)

Ескертпе:
      1. Камераларға орналастыруды гауптвахта бастығы немесе ауысым бастығы жүргізеді.
      2. Камерадағы орналастыру жоспары ауысым бастығында, кезекші бөлімде және ӘПО басшылығында болуы қажет.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті әскери полициясы органдарының 
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік  
органдарының әскери қызметшілерін    
ұстаудың ішкі тәртібінің         
қағидаларына                
4-қосымша                   

Жалпы камералардың сипаттамасы

      Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушыларды ұстайтын камералардың құрылымы сыртқы қоршаған ортадан және жапсарлас бөлмелерден сенімді оқшаулануды қамтамасыз етуі тиіс. Камералардың жоспарланған үлгісі есіктегі «көздік» арқылы олардың жақсы көрінуін қамтамасыз етуі қажет.
      Камераға кіретін есік металл болуы қажет. Еденнен 95 см төмен емес биіктікте тамақ таратуға арналған желкөзі орнатылады. Камерадағы әскери қызметшілердің мінез-құлқын бақылау үшін кіретін есікке «көздік» орнатылады.
      Камералардағы және жалпы пайдаланудағы орындардың (жуыну бөлмесіндегі, дәретханадағы) есіктері мен терезелері техникалық күзет құралдарымен жабдықталады. Осы орын-жайлардардың терезелерінде металл торлары болады.
      Жалпы камера шайқалмалы орындықтармен, үстелмен, бір адамға 0,4 метр есебінен ағаш сәкімен, түкіргішпен, ауыз суы бар ыдыспен және сапты аяқпен жабдықталады. Камералардың барлық жабдықтары еденге бекітіледі. Барлық камералар радио хабар құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
      Офицерлер мен әйел-әскери қызметшілерді ұстауға арналған камераларда сәкі, үстел, орындық, жеке заттарға және туалет керек-жарақтарына арналған тумбочка, ауыз суы бар ыдыс және сапты аяқ, киім ілігіш және түкіргіш болуы қажет.
      Барлық камералардың құлпы бірдей және бірккелкі кілттермен жабылуы тиіс. Бір кілт ауысым бастығында, екіншісі гауптвахта бастығында және үшіншісі ӘПО бойынша кезекшісінде сақталуы тиіс. Камералардың терезелерінің ішкі жағында терезе ойықтарынан кіруді шектейтін металл торлар орнатылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті әскери полициясы органдарының 
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік  
органдарының әскери қызметшілерін    
ұстаудың ішкі тәртібінің         
қағидаларына                
5-қосымша                  

Нысан

Санкциялаймын________________
Прокурор ____________________
            (қолы, тегі)
____ жылғы «____» _____________

«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін
арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999
жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 31-бабының
тәртібінде күдіктіні (айыпталушыны) жалғыз адамдық камераға
ауыстыру туралы қаулы

      Күдікті (айыпталушы)__________________________________________
                            (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса))
____________________________________________________________________
(жалғыз адамдық камерада ұстауға негіз болатын мән-жайдың мазмұны)
____________________________________________________________________
      Қаулы етті:
      Күдікті (айыпталушы)__________________________________________
                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
      әрі қарай ұстау үшін жалғыз адамдық камераға ауыстырылсын.

Гауптвахта бастығы
________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және аты жөні)
______ жылғы «___»______________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті әскери полициясы органдарының 
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік  
органдарының әскери қызметшілерін    
ұстаудың ішкі тәртібінің         
қағидаларына                
6-қосымша                  

Гауптвахтада ұсталушы күдіктілер мен айыпталушылардың
сәлем-сауқаттармен алуға және сақтауға болатын азық-түліктің,
бірінші кезектегі қажет ететін заттардың, аяқ киім, киім мен
басқа да өндірістік тауарлардың
ТІЗБЕСІ

      Гауптвахтаға жабылған күдіктілер және айыпталушылар келесі заттарды сәлем-сауқаттарды алады, сондай-ақ гауптвахтада ұсталушы тұлғалардың заттарын сақтау бөлмесінде келесілерді сақтайды:
      1) темекі өнімдері, сіріңке;
      2) белдік белбеулерсіз, аспа баусыз бір жиынтық киім маусым бойынша бас киім, аяқ киім (тақасыз, металл нәлсіз және баусыз);
      3) ішкі киім;
      4) шұлық;
      5) қолғап немесе биялай;
      6) қол орамал;
      7) дәретхана керек-жарақтары: (иіс және кір сабын, дәретхана қағазы, сусабын, тіс пастасы, тіс щеткасы, сабын мен тіс щеткасына арналған пластмасса қабы, кремдер, тарақ, жөке немесе жұмсақ ысқыш, электр немесе механикалық ұстара, бір реттік пайдаланылатын қауіпсіз ұстара).
      Ұстара заттары камералардан тыс орналасқан мүліктерді сақтауға арналған бөлмеде орналасқан құлыппен бекітілетін арнайы шкафта сақталады;
      8) көзілдіріктер және көзілдіріктерге арналған пластмасса қабы;
      9) шұлықтар мен шұлық дамбалдар, үшкіл орамалдар, рейтуздар, белдік, дәке, мақта, бюстгальтерлер, шашқа арналған қыстырғыштар, гигиеналық керек-жарақтар (әйелдерге арналған);
      10) шарикті автоқалам, оларға желі, қарындаштар;
      11) хат жазуға арналған қағаз, пошталық конверттер, ашық хаттар, пошталық маркалар;
      12) көркем және өзге де әдебиет, сондай-ақ мерзімдік басылымдар;
      13) аталғандардан басқа, қылмыстық іске қатысты немесе олардың құқықтарын іске асыру бойынша заңды мүдделеріне қатысты құжаттарын, жазбаларын, сондай-ақ пошта жөнелту бланкілері, ақша, құнды заттарды, құжаттарды және басқа да заттарды сәлем-сауқаттарда ала алады және қамалған гауптвахтаның заттарды сақтау бөлмесінде сақтай алады.
      Осы Тізбеде қарастырылмаған заттар тыйым салынған заттар болып саналады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті әскери полициясы органдарының 
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік  
органдарының әскери қызметшілерін    
ұстаудың ішкі тәртібінің         
қағидаларына                
7-қосымша                  

Нысан

Күдіктіге (айыпталушыға) жеке тінту жүргізу
және оның заттарын қарау хаттамасы

201 _ ж. «___» ________                          ____________________
                                                   (толтыру орны)

Тінту мен жете тексерудің басталуы: ____ сағ. ____ мин.
Тінту мен жете тексерудің аяқталуы: _____ сағ. _____ мин.

____________________________________________________________________,
(жеке тінту және жете тексеру жүргізген адамның лауазымы, атағы,
тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса)
________________________________________________________ орын-жайында
Кодекстің 255-бабының талаптарын сақтай отырып, күдікті (айыпталушы)
_____________________________________________________________________
(күдіктінің (айыпталушының) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса))
жеке тінту және оның заттарына қарау жүргізгені туралы осы хаттаманы
толтырды.
____________________________________________________________________,
(жеке тінту және жете тексеру жүргізген адамның лауазымы, атағы,
тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса)
Күдіктіге (айыпталушыға)_____________________________________________
(күдіктінің (айыпталушының) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса)
      осы Қағидалардың Тізбесімен қарастырылмаған заттарды өз еркімен
тапсыру ұсынылды,
____________________________________________________________________
және өз еркімен берді:
1) __________________________________________________________;
2) __________________________________________________________;
3) __________________________________________________________.
Содан кейін ________________________________________________________,
            (жеке тінту және жете тексеру жүргізген адамның лауазымы)
      Күдікті (айыпталушы)__________________________________________
            (күдіктінің (айыпталушының) тегі, аты, әкесінің аты (егер
ол болса))
жеке тінту мен заттарын жете тексеруге кірістім.
      Күдікті (айыпталушы) мынадай киім киген________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Күдіктіде (айыпталушыда) мынадай заттар бар: __________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Күдікті (айыпталушы)__________________________________________
      (күдіктінің (айыпталушының) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол
болса))
жеке тінту және заттарын жете тексеру нәтижесінде мыналар анықталды:
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Күдіктіні және айыпталушыны жеке тінту және оның заттарын жете
тексеру нәтижесінде осы Қағидалардың Тізбесінде қарастырылмаған
келесі заттар алынды:
      1) _________________________________________________________;
      2) _________________________________________________________;
      3) _________________________________________________________.
      Күдіктіні (айыпталушыны) жеке тінту және оның заттарын жете
тексеру барысында түскен ескертулер _________________________________
      Хаттама _______________________________________________ оқылды.
      (өзі немесе жеке тінту мен жете тексеру жүргізген адам
дауыстап)
      Күдіктінің (айыпталушының) ескертулері, қосымшалары, арыздары:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Күдікті (айыпталушы)___________________________________________

________________________________________ ____________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса))            (қолы)
      Жеке тінту және заттарды жете тексеру туралы хаттаманың
көшірмесін алды:
      201 _ ж. «___» __________ _____________________________________
        (күдіктінің (айыпталушының) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса), қолы))

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті әскери полициясы органдарының 
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік  
органдарының әскери қызметшілерін    
ұстаудың ішкі тәртібінің         
қағидаларына                
8-қосымша                  

Нысан

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________ тұратын
                        (тұрғылықты мекен жайы)
азаматтан (-шадан)___________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса))
Күдікті (айыпталушы): _______________________________________________
            (тегі және аты, әкесінің аты (егер ол болса), туған жылы)
____________________________үшін сәлемдемені қабылдауыңызды сұраймын.

Сәлемдемедегі азық-түлік (заттардың) тізімдемесі:

Р/с

Азық-түліктің немесе заттардың атауы

Салмағы (килограмм, грамм)

Саны

Ескертпе

1





Өтініш иесінің қолы _________________________
20 _ жылғы «__» _________

Сәлемдемені қабылдады _______________________________________________
      (сәлемдемені қабылдаған қызметкердің әскери атағы, тегі, аты,
әкесінің аты (егер ол болса) қолы)
Сәлемдемені алдым ___________________________________________________
      (сәлемдемені алған күдіктінің (айыпталушының) тегі, аты,
әкесінің аты (егер ол болса) қолы)

20 __ жылғы «____» __________

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті әскери полициясы органдарының 
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік  
органдарының әскери қызметшілерін    
ұстаудың ішкі тәртібінің         
қағидаларына                
9-қосымша                  

Нысан

Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушылардың
ұсыныстарын, өтініштерін және
шағымдарын тіркеу кітабы

Басталуы: 20__ ж. «__»_____
Аяқталуы: 20__ ж. «__»_____

Сыртқы беті

Р/с

Келіп түскен күні (жылы, айы, күні)

Өтініш берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса) және оның әскери қызметке қатысы

Өтініштің қысқаша мазмұны

Орындау үшін кімге және қашан берілді және орындаушының қолы

Орындау мерзімі

Қашан және қандай шешім қабылданды

Құжаттар тігілген іс

1

2

3

4

5

6

7

8

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті әскери полициясы органдарының 
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік  
органдарының әскери қызметшілерін    
ұстаудың ішкі тәртібінің         
қағидаларына                
10-қосымша                  

Нысан

Гауптвахтаны тексеретін адамдардың
ескертулер мен ұсыныстар кітабы
__________________________________
(әскери полиция органының гауптвахтасы)

Басталуы: 20__ ж. «__»_____
Аяқталуы: 20__ ж. «__»_____

Сыртқы беті

Р/с

Күні

Тексеруші адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса), атағы

Ескертудің мазмұны

Ұсыныстар

Орындау мерзімі

Қабылданған шаралар

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті әскери полициясы органдарының 
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік  
органдарының әскери қызметшілерін    
ұстаудың ішкі тәртібінің         
қағидаларына                
11-қосымша                  

Серуендеу ауласының сипаттамасы

      Серуендеу аулаларын режимді аулада орналастырылады және гауптвахтаға нығыз жалғасады. Серуендеуге шығарылатын әрбір күдіктіге және айыпталушыға серуендеу ауласының 2,5-3 шаршы метр (бұдан әрі – м2) беріледі. Серуендеу ауласының ең аз мөлшері - 12 м2.
      Серуендеу ауласы биіктігі үш метрден кем емес қалың дуалмен қоршалады. Серуендеу ауласының төбесіне металл рама бекітіледі, оған 17х17 сантиметрден артық емес тор көздері бар металл торлар орнатылады. Торлардың үстіне 5х5 сантиметрден артық емес тор көздері бар «Рабица» типті металл тор бекітіледі.
      Серуендеу ауласының үстіне дуалды жағалай атмосфералық жауын шашыннан тасалау үшін ені 1,2 метрге дейін жеңіл қалқа орнатылады.
      Серуендеу ауласының ортасында жерге мықтап бекітілген орындық орнатылады.
      Серуендеу ауласы су көзімен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ серуендеуде жүрген күдіктілер мен айыпталушыларды көзбен шолуға арналған бақылаушының қызмет атқару орнымен жабдықталуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті әскери полициясы органдарының 
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік  
органдарының әскери қызметшілерін    
ұстаудың ішкі тәртібінің         
қағидаларына                
12-қосымша                  

Кездесуге арналған бөлменің жабдықталуы

      Әр гауптвахта кабиналардан тұратын кездесуге арналған орындармен жабдықталады.
      Әрбір кабина ені 140 сантиметр және ұзындығы 1 метрден кем емес металл каркастан орнатылады, қалқанды элементтерден, үстелмен және шалқаймалы орындықпен жабдықталады.
      Кабиналар арасындағы қалқа әңгімелесуге арналған тесіктері бар органикалық әйнектерден жасалады.
      Келушілерге арналған кабиналар ілмексіз жеңіл есіктермен жабдықталады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті әскери полициясы органдарының 
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік  
органдарының әскери қызметшілерін    
ұстаудың ішкі тәртібінің         
қағидаларына                
13-қосымша                  

Нысан

Күдіктілер мен айыпталушыларды жазалауды және көтермелеуді
есепке алу кітабы

Басталуы: 20__ ж. «__»_____
Аяқталуы: 20__ ж. «__»_____

Сыртқы беті

Жазаланған адамдарды есепке алу

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (егер болса)

Не үшін жазаланды

Жазаның түрі

Жазаны кім және қашан белгіледі

Ескертпе

Көтермеленген адамдарды есепке алу

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (егер болса)

Не үшін көтермелеу жарияланды

Көтермелеу түрі

Көтермелеуді кім және қашан қолданды

Ескертпе

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті әскери полициясы органдарының 
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік  
органдарының әскери қызметшілерін    
ұстаудың ішкі тәртібінің         
қағидаларына                
14-қосымша                  

Нысан

Гауптвахта бастығының жеке қабылдау журналы

Басталуы: 20__ ж. «__»_____
Аяқталуы: 20__ ж. «__»_____

Сыртқы беті

Р/с

Күні (жылы, айы, күні)

Келушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер болса)

Өтініштің қысқаша мазмұны

Ескертпе

1

2

3

4

5











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады