Маржанкөл ауылдық округінің аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 37/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 маусымда № 2664 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 46/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 08.07.2014 № 46/02 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маржанкөл ауылдық округінің аумағында құстар арасында Ньюкасл ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
      2. "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабында белгіленген, құстың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін.
      3. "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Муратбек Жакипбаевич Бейсенбековке (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабымен көзделген шектеу іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асылбек Серікұлы Молдабаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі                   С. Аймақов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы
      ауыл шаруашылығы Министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау Комитетінің
      Осакаров аудандық аумақтық
      инспекциясы" басшысы                       Ж. Бейсенбеков
      2014 жылдың 4 маусымы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады