Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2014 жылға Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын бір маманға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Ұ. Қожасова |
Ұлытау аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | Т. Сейтжанов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұлытау ауданының экономика және қаржы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т.З. Шайхин
24.11.2014 ж.