"Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 01/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 қаңтарда № 2520 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы N 21/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы N 21/03 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Шет ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 7 қазандағы "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 28/12 қаулысы жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалысын бақылау Шет ауданы әкімінің аппарат жетекшісі Ә.Е. Тілегеноваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Шет ауданының әкімі
Р. Әбдікеров

      

  Шет ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 21 қаңтардағы
№ 01/02 қаулысымен
бекітілген

"Шет ауданының құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
      5. "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шет ауданының құрылыс бөлімі" басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, индекс № 101700 Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі, 24 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі,
      орыс тілінде – Государственное учреждение – "Отдел строительства Шетского района".
      10. Осы Ереже "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары құқықтары және міндеттері

      13. Миссиясы:
      1) Шет ауданы аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мемлекеттік құрылыс саясатын өткізу.
      14. Міндеттері:
      1) Шет ауданының бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру;
      2) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
      3) қаланың және қала маңы аймағының бекітілген бас жоспарын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын бекіту және іске асыру;
      15. Функциялары:
      1) аудандық коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік - мәдени мақсаттағы объектілер салу, қайта құру және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
      2) құрылысқа арналған құрылыс-монтаждық жұмыстарды жобалауға құжаттарды дайындайды және конкурсты өткізеді;
      3) ауданың су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды ұйымдастырады;
      4) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй салуды ұйымдастырады;
      5) жергілікті бюджет, облыстық бюджеттің арнайы трансферттері есебінен салынатын нысандардың құрылысын және қайта құрылуын техникалық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      16. Құқықтары және міндеттері:
      1) мемлекеттік қаражаттарды жоспарлауға және бөлуге қатысуға, жобалау-іздестіру жұмыстары, әлеуметтік - мәдени, коммуналдық маңызы бар нысандар құрылысына және ипотекалық несиелендіру қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысына арналған аудан бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныс енгізу;
      2) құрылыс бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады, құрылыстың келешекті жоспарларын әзірлеу;
      3) төтенше жағдайларды ескерту бойынша және коммуналдық меншік нысандарын пайдаланылу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша органымен бірге әзірленген іс-шаралар барысына бақылау жасау;
      4) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуларды жүргізу.
      5) құзіретіне сәйкес мемлекеттік мекеменің құзырына сәйкес қабылдауға ұсынылған нормативті құқықтық және құқықтық актілерді дайындау және әзірлеуді жоспарлау;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне әзірлеуші "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылатын Шет ауданы әкімдігімен бұрын қабылданған құқықтық актілеріне және қолдану өзектілігіне тексеріс жүргізу;
      7) жұмыстар, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына, соның ішінде бюджет қаражаттарының игерілуіне тұрақты бақылау және мониторинг қамтамасыз ету;
      8) шарттық жұмыстарды тұрақты жетілдіру;
      9) "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, сондай-ақ Шет ауданының әкімі және әкімдігінің мекенжайына қатысты прокурорлық әсер ету актілеріне, егер тиесілі мәселе "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін болса, оларға жауап дайындайды, сондай-ақ оларға мониторинг және талдау жүргізу, қорытындысы бойынша кейін мұндай бұзушылықтарды болдырмау үшін квартал сайын аудан әкіміне ұсыныс енгізу;
      10) Шет ауданы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларының тиісті орындалуы үшін қажетті барлық шараларды қолдану;
      11) мердігерлік ұйымдармен шарттық міндеттердің сапалы және уақытында орындалуына бақылауды қамтамасыз ету, олар тиісті орындалмаған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою, болдырмау туралы жедел шараларды қолдану;
      12) белгілі бір тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, меншік нысанына қарамастан лауазымды тұлғалардан "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген қызметтерді және міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды сұрап-қабылдау;
      13) "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген қызметке және міндеттерге сәйкес өткізілетін шараларды іске асыру үшін басқа мекемелердің және ұйымдардың қызметкерлерін, олардың басшыларының келісімімен іске жұмылдыру туралы ұсыныс енгізу;
      14) белгілі тәртіпте "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мамандары арасынан сарапшы топтар, жалпылық кеңестер құру;
      15) өз құзіретіне жататын мәселелерді шешу бойынша аудандық Мәслихатқа және аудан әкімдігінің қарауына енгізу;
      16) құрылыс нормасымен ережесінен, жобадан және техникалық талаптардан және құрылыс саласындағы басқа нормативтерден тыс орындалған мердігер ұйымдарының жұмыс өндірісін тоқтату, жіберілген ақауларды қалпына келтіруді талап ету.

3. Мемлекеттік органның қызметтерін ұйымдастыру.

      17. "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін басшылықты "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асырылуға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шет ауданының әкімі қызметке тағайындайды және босатады.
      19. "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
      1) "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық құрылымдық құрылымдарымен орындалатын өз құзіретінде міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      2) заңнамаға және штаттық кестеге сәйкес "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) бекітілген заң тәртібінде "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      4) құжаттардың орындалуын іске асырады және ұйымдастырады, олардың сақталуына жауапты болады;
      5) белгіленген заң тәртібінде "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетуді іске асырады;
      6) қолданыстағы заңға сәйкес "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі сенімхатсыз өз құзіретінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға таныстырады;
      7) "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесімен қабылданған бұйрықтарға қол қояды.
      "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы жұмыста болмаған кезде оның міндеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлігі

      20. "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшау мүлкі болуы мүмкін.
      "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де есебінен қалыптасады.
      21. "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамамен өзгеше көзделмесе "Шет ауданының құрылыс бөлімі" өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

      24. "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады