"Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 шілдедегі N 26/8 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 тамызда N 2708 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 22/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 23.06.2016 № 22/2 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Приозерск каласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Приозерск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 07/61 "Приозерск қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы және 2013 жылғы 28 ақпандағы № 07/59 "Приозерск қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулыларының күші жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Д.Ш. Сәденовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Қ. Камзин

      

  Приозерск қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 3 шілдедегі
№ 26/8 қаулысымен бекітілген

Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі
мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етуге, стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттiк басқару функциясын жүзеге асыруға, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзiрлеуге, қалалық бюджетті атқару және қалалық коммуналдық меншікті басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 101100, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Балқаш көшесі, 5.
      9. Мекеменің толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел экономики и финансов города Приозерск".
      10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мекеме қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мекеменің миссиясы: стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттiк басқаруды атқару, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзiрлеу, қалалық бюджетті атқару және қалалық коммуналдық меншікті басқару саласында басшылықты жүзеге асыру.
      14. Мекеменің негізгі міндеттері:
      1) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жасау;
      2) мемлекеттік салық саясатын әзірлеу мен іске асыру;
      3) кірістер мен шығыстарды экономикалық негізде жоспарлау негізінде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келесі қаржы жылы қалалық (жергілікті) бюджеттің жобасын құру;
      4) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам, экономикалық талдау жасау және реформалар барысын бағалау;
      5) қалалық бюджетті атқару;
      6) бюджеттік есепке алуды жүргізу және қалалық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есептілікті құрастыру;
      7) қалалық коммуналдық меншікті басқару.
      15. Мекеме өз құзырлығы шегінде келесі функцияларды жүзеге асырады:
      1) Приозерск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын және бюджет параметрлерінің болжамын әзірлеуді ұйымдастырады және өз құзіреті шегінде қалалық даму бағдарламаларын әзірлеуге және қамтамасыз етуге қатысады;
      2) алдағы жоспарлық кезеңде бюджетке түсетін қаражаттар түсімдерінің көлемін анықтайды;
      3) тиісті бюджет комиссиясына ағымдағы, сол сияқты алдағы жоспарланып отырған кезеңде жекелеген бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша жылдық жоспарлы жұмсалымдарды қайта қарау қажеттігі туралы ақпаратты жібереді;
      4) жергілікті бюджет бойынша қолма-қол ақша ресурстарына талдау және болжам жасайды;
      5) даму бюджетінің игерілуінің, инвестициялық жобалардың барысына мониторинг жүргізеді;
      6) коммуналдық мүлікті басқаруға талдау және бағалауды жүзеге асырады;
      7) мемлекеттiк мүлiк бойынша уәкілетті органмен мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарын орындау бойынша есептерді құрастырады және ұсыну тәртібін бiрлесiп әзірлейді;
      8) қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      9) бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
      10) бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін айқындау және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін атқару жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;
      11) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын құрастырады, бекітеді және жүргізеді;
      12) бюджет қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттердің тіркелуін, олардың есепке алынуы мен мониторингін жүзеге асырады;
      13) тұрақты және жүйелі жинақтау, бюджетті атқару көрсеткіштерін бақылап отыру және талдау арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
      14) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітетін мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алатын түсімдер мен шығыстардың жиынтық жоспарын келіседі;
      15) бюджеттік ақшамен басқарады;
      16) қала бюджетінің қолма-қол ақшаның бақылау шоттарында ақша қозғалысына мониторинг жүргізеді;
      17) Приозерск қаласы әкімдігінің борышын өтеуді және қызмет етуді қалалық мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған қалалық бюджет туралы шешіміне сәйкес қамтамасыз етеді;
      18) қалалық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді;
      19) Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте қала әкімдігі резервінен қаражатты бөлу туралы өтініштерді қарайды;
      20) бюджеттік ақшамен басқару бойынша қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметі тиімділігінің жыл сайынғы бағалауын іске асырады;
      21) мемлекеттік органдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруының мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;
      22) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
      23) қалалық коммуналдық мүлікті басқарады;
      24) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;
      25) қалалық коммуналдық мүлікті қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;
      26) қалалық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік мүліктердің тізілімін белгіленген тәртіпте жүргізеді;
      27) қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      28) қалалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
      29) қалалық коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалануға, мемлекеттік заңды тұлғаларға береді;
      30) сенімгерлікпен басқарушының қалалық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      31) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен басқаға тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      32) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын қалалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды және қалалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді;
      33) сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
      34) қалалық коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
      35) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады;
      36) қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
      37) қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға келісім береді;
      38) қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;
      39) қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, қала әкімдігі қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
      40) жергілікті бюджет есебінен ұстап-күтілетін мемлекеттік мекемелердің мүлігін шығынға жазуын келіседі;
      41) иесіз мүліктердің, объектілерді анықтау есебін жүргізу және ретке келтіру бойынша жұмысты жүзеге асырады;
      42) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      16. Өз қызметтерін жүзеге асыру үшін Мекеменің құқықтары мен міндеттері бар:
      1) қала әкiмiнің қарауына Мекеме құзыретіне енетiн мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізуге;
      2) Мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақпараттар алуға және сұрауға;
      3) қалалық бюджеттік комиссияның мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде Мекеме бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұруға;
      4) қалалық жергілікті атқарушы органның секвестр жүргізу туралы қаулысының негізінде Мекеме Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіпте тиісті бюджетті түзетуге.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Мекеменің бірінші басшысы қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
      2) өз қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      3) заңнамаға сәйкес Мекеме қызметшілерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерінен босатады;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      5) өз құзыретіне сәйкес бұйрықтар шығарады;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Мекеме атынан шығады;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Мекемеге бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеменің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады